Референдум • Бүгін, 11:50

«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Орталық Азиядағы автокөлік саласындағы ең ірі компаниялардың бірі «Astana Motors» ұжым қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті. Компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев Алматы индустриялық аймағында орналасқан өндірістік алаңында еңбек ұжымымен арнайы кездесті, деп жазады Egemen.kz.

«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Кездесу барысында қызметкерлерге еліміздің жаңа Конституциясы жобасы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 15 наурыз күні өтетін референдумның ел болашағы үшін стратегиялық маңыздылығы айтылды. Сонымен бірге Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Құжатта айқындалған негізгі бағыттар мен басты қағидаттарға ерекше назар аударылды.

Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады

Компания басшысы реформалардың еліміздің дамуына, бизнес пен өнеркәсіптің өркендеуіне, сондай-ақ құқықтық мемлекетті нығайтып, еңбек адамын қорғауға бағытталғанын атап өтті.

«Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Бизнес үшін бұл инвестицияларды қорғау мен тұрақтылықты білдіреді. Ал азаматтар үшін бұл – кепілдік берілген құқықтар, әлеуметтік әділеттілік және болашаққа деген сенімділік. Тек осындай жағдайларда ғана өндіріс дами алады, жаңа жұмыс орындары құрылады және адамдардың әл-ауқаты артады.

Ел азаматтары ретінде біз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын және оның даму саясатын қолдаймыз, сондай-ақ референдумға міндетті түрде қатысамыз», деді Бекнұр Несіпбаев.

Сөз соңында Бекнұр Несіпбаев ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және ел болашағын айқындайтын бастамаларға қолдау көрсетуге шақырды.

Өз кезегінде «Astana Motors» ұжымы алдағы референдумды қолдайтынын жеткізіп, жаңа Конституцияның еліміздің дамуына оң өзгерістер әкелетініне сенім білдірді.

Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді

Соңғы жаңалықтар