Жуырда Швайнфурт қаласында елімізден Германияға көшіп барған бір топ азаматтардың ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған турнир болып өтті.
Турнирді ұйымдастырушылардың бірі қазір Германияда тұратын Юрий Нольд деген азамат болды. Ол былтыр Астанада тұңғыш рет тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатына қатысып, осы күндері Еуропада ұлттық ойынымыздың насихатталуына көп еңбек етіп келеді. Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан елшілігінің өкілдері тоғызқұмалақтың шығу тарихы туралы кеңірек әңгімеледі.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған турнир одан әрі жалғасатын болады. Германиядағы Қазақстан елшілігі Берлин қаласында осынау ұлттық ойынымыздан тағы да турнир ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН.