09 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №516

473 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 14 мамыр,  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы №516 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі 1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 28-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 380-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 833 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 263-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 604 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 339-кұжат).