09 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №236

339 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін
2011 жылғы 9 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы  № 2106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы №236 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2106 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөлімшелері) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 10, 15-17, 19-20, 30-34, 37-41-баптарына, Беларусь Республика­сының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімнің 1, 2-баптарына, Қазақстан Республикасы қосылған 1957 жылғы 20 ақпандағы Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияның 1, 2-баптарына (1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заң), 2001 жылғы 16 наурыздағы Заңмен ратификацияланған Украинада тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Украина азамат­тарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы мен қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы келісімнің 1, 2-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгіленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiне және оларға қойылатын талаптарға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереженің 3, 6, 17-23, 42, 43-тармақтарына, Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 13-тармағына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республи­касы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан стенділерде орналастырылады. 5. Тұтынушыға Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама (қағаз тасығышта) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға (тұру мерзіміне қарамастан); 2) Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық қатынаста тұратын (әжесі, атасы, анасы, әкесі, аға-інілері, әпке-қарындастары, сіңлі­лері, жұбайлары, балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Украина азаматтарына (тұру мерзіміне қарамастан); 3) Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңестің Социалистік Республикасының (бұдан әрі – Қазақ КСР) аумағында туған немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық қатынаста тұратын (әжесі, атасы, анасы, әкесі, аға-інілері, әпке-қарындастары, сіңлілері, жұбайлары, балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарына (тұру мерзіміне қарамастан); 4) БҰҰ Бас Ассамблеясының 1957 жылғы 29 қаңтардағы 1040 қарарымен қол қою және бекіту үшін ашық Тұрмыстағы әйелдердің аза­мат­тығы туралы конвенцияның қолданылуы аясына түсетін адамдарға; 5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан), жақын туысқандарының бірі - балалары (оның ішінде асырап алған), жұбайлары, ата-анасының (асырап алушылардың) бірі, аға-інілері, әпке-қарындастары, сіңлілері, атасы немесе әжесі – Қазақ­стан Республикасының азаматы бар бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының республикалары – мемлекеттерінің азаматтарына; 6) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Пре­зиден­тінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына сай келетін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) шетелдіктерге; 7) Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (тұру мерзіміне қарамастан); 8) Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; 9) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды қалайтын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап: 2) 6-тармақтың 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін – осы стандарттың 3, 4-қосымшаларына сәйкес тұтынушы өтініштің қабылданғаны туралы анықтаманы алған сәттен бастап алты ай; 3) 6-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін – осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес тұтынушы өтініштің қабылданғаны туралы анықтаманы алған сәттен бастап үш ай; 4) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 5) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманы алу кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 538-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызын құрайды. Мемлекеттік баждың сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат береді. 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күнінде ұсынылады, жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау нақты кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған құрылғылары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділерімен жарақталады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін: тұтынушы еркін нысанда толтыратын жеке өтініш; бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш; өлшемі 35х45 мм төрт фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс); бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме; мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат; басқа мемлекет азаматтығының жоқ екендігі немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама ұсынады. Аталған құжаттардан басқа қосымша: оралмандар – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы мен көші-қон полициясының бөлімшелері беретін оралман куәлігін; еркін нысанда жасалатын бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш; Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алатын Украина азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы – жақын туысқандарының бірінің жеке куәлігінің көшірмесін; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды; Украинаның құзыретті органдары беретін әскери міндетті атқарғанын не одан босатылғанын растайтын құжатты (әскерге шақырылатын жастағы адамдар үшін); Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алатын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федера­циясының азаматтары – Қазақстан Республикасы азаматының жақын туысқан­дарының бірінің жеке куәлігінің көшірмесін; Қазақстан Республи­касының азаматтарымен туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды; тұтынушының Беларусь КСР-ының, Қазақ КСР-ының, Қырғыз КСР-ының немесе РКФСР-дың азаматтығында және бір мезгілде бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрғанын, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында туғанын немесе тұрғанын растайтын құжаттарды; бұрынғы КСРО республикаларының азаматтары – бұрын азамат­тығында тұрған мемлекеттің құзыретті органы беретін бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы; Қазақстан Республикасы азаматының жақын туысқанының бірінің жеке куәлігінің көшірмесін; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін рас­тайтын құжаттарды; осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген «Қазақстан Республи­касының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Кәсіптердің тізбесіне сәйкес шетелдіктер – бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын, еркін нысанда жасалатын бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш; Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасының азаматы – жұбайының (зайыбының) жеке куәлігін; неке туралы куәліктің көшірмесін, бұрын азаматтығында тұрған мемлекет­тің құзыретті органы беретін бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтама; Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұрғанын растайтын құжат, бұрын азаматтығында тұрған мемлекеттің құзыретті органы беретін бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтама ұсынады. Ескертпе: азаматтығы жоқ адам мәртебесін туғаннан кейін немесе Қазақстан Республикасына келгенге дейін алған адамдар бұрынғы азаматтығының тоқтатылғаны туралы анықтаманы тапсырмайды; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін: тұтынушы еркін нысанда жасайтын жеке өтініш; бланкісін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері беретін сауалнама-өтініш; өмірбаян; өлшемі 35х45 мм үш фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс); жеке куәлігінің, баланың туу және неке туралы куәліктерінің көшірмелерін; жұмыс, оқу орнынан, ал жұмыс істемейтіндер – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот әкімшілігі комитетінің аумақтық органынан адамның мемлекет алдында орындалмаған азаматтардың мүдделеріне байланысты міндеттемелерінің не азаматтардың меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган­дары және ұйымдарының мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттерінің бар немесе жоқ екені көрсетілген анықтама; әскерге шақырылатын жастағы (18-ден 27 жасқа дейін) адамды мерзімді әскери қызмет өткеруден босату туралы әскери комиссариаттан анықтама; мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат ұсынылады. 12. Бланкілерді көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ ІІМ-нің www.mvd.kz, ІІД-нің интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 13. Толтырылған өтініштер мен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген бланкілер тұтынушының болатын жері бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады. 14. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабыл­дағаны туралы талон береді. 15. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығу мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД қорытындысы алынған сәттен бастап тұтынушыны көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері жеті жұмыс күні мерзімінде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығу туралы анықтама тұтынушыға, шетелдіктің паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты көші-қон полициясы бөлімшесіне тапсырыл­ғаннан кейін беріледі. 16. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 17-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) террористік әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудан, егер бұл туралы қолдаухат берген адамның Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттемелері немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделеріне байла­нысты мүліктік міндеттемелері болса, бас тартылады. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер бұл туралы қолдаухат берген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса не соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе бұл адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, жол берілмейді. Бұдан басқа, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжат­тарды табыс етпеу тұтынушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. 3. Жұмыс қағидаттары 17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидат­тарында жүзеге асырылады. 4. Жұмыс нәтижелері 18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі. Шағымдану тәртібі 20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайлар бойынша ІІД-нің, Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон полициясы комитетінің (бұдан әрі – КҚПК), ІІМ хатшылығынан алуға болады. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды КҚПК-ға мынадай мекен-жай бойынша береді: Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 23/1, телефон: 20-55-73. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. 22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Респуб­ликасы Ішкі істер министрінің атына мынадай мекен-жай бойынша: Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1; телефон: 8(7172)71-40-10, факс 8(7172)37-06-01, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ www.mvd.kz интернет-ресурсында беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанды жазбаша түрде пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, КҚПК, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. 25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Өтінішті/арызды күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. 26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі 23/1; ІІМ-нің интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 20-55-73, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-ден алуға болады.