2011 жылғы 23 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 101 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 101 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Аса тиiмдi және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құру Бюджеттiк бағдарламалар коды: 011, 104, 025, 009» деген 1.1-мақсатта:
«Ұлттық туристік өнімдерді халықаралық және ішкі нарықтарда жылжыту» деген 1.1.2-міндетте:
тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
«1. Қазақстанның туристiк әлеуетi туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды трансляциялайтын әлемдiк телеарналардың саны» деген жолдың «2011 ж.», «2012 ж.», «2013 ж.», «2014 ж.», «2015 ж.» деген бағандарындағы «14» деген сандар «4» санмен ауыстырылсын;
тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
«1. Қазақстан туралы имидждi фильм жасау және әлемдiк телеарналарда (14 телеарнада) көрсету» деген жолдағы «14» деген сандар «4» деген санмен ауыстырылсын;
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 003, 004, 005, 007, 009, 012, 015, 023» деген 2.2-мақсатта:
«023» деген сандардан кейін «, 014» деген сандармен толықтырылсын;
«Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту» деген 2.2.1-міндеттегі тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы
11, 12-жолдармен толықтырылсын:
«11. «Велотрек» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру;
12. «Шаңғы және биатлон стадионы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру»;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
7.1.6, 7.1.7, 7.1.13-кестелер осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 7.1.15-кестемен толықтырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Толық мәтіні