10 Тамыз, 2011

Бүлдіршіндерді қуантты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамлют ауданына қарасты Бексейіт елді мекенінде шағын орта­лық ашылды. 16 орынға лайықтал­ған балабақша «Еркетай» деп ата­лады. Бүлдіршіндерге тартуды осы ауылдың тумасы, «Мәм­бетов және К» командиттік серіктес­тік­тің бас­шы­сы Ерке­бұ­лан Мәм­бетов ұйым­дас­­тыр­ды. Ол шаруа­шылық есебінен 20 миллион теңге бөліп, асхана, жатын бөлме, ойын залына дейін тап-тұйнақтай етіп са­лып берді. Қуанышқа аудан әкімі Қанат Қа­лиев те ортақтасып, «20 игі іс» ак­ция­сы аясында компьютер табыс етті. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.