10 Тамыз, 2011

Үміткерлер іріктелді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов­тың төрағалығымен Назарбаев стипендиясын тағайындау жөнін­дегі  конкурстық комиссиясының отырысы өтті. Бұл қаржылай қолдау Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелерінің өмірлік ай сайынғы стипендиясы есебінен қалыптас­тырылып келе жатқаны белгілі. Ол 6 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі он стипендия мөл­шерінде белгіленгені мәлім. Ал Елбасы стипендиясын иемденген магистранттарға келетін болсақ, оларға тиесілі қаржы 48 мың теңгені құрайды. Білім мен ғылымды дамыту ісіндегі және жастардың ықыл­асын арттыру мақсатындағы бұл игілікті қадам жоғары оқу орын­дарының екінші курсынан бастап күндізгі бөлімінің бар­лық оқу кезеңінде үлгерімі үз­дік бағаға ие, ғылыми-зерттеу жұмысымен ай­на­лысатын, қо­ғам­дық жұмыс­тар­ға белсене ара­ласатын ма­гистрант­тарға да та­ғайындала­ты­нын айта кетсек дейміз. Стипендияны тағайындау ере­желеріне сәйкес ұлттық жо­ғары оқу орындары ғылыми ке­ңесінің шешімімен 2011-2012 оқу жы­лында Назарбаев стипен­диясын тағайындау конкурсына 19 үміт­кер ұсынылған екен. Солардың арасында конкурстық комиссия үлгерімі үздік, ғылы­ми еңбектері талапқа сай, оқу орындарының тірлік-тынысына белсенді ара­ласқан 10 үміткерді іріктеп алған. Сүлеймен МӘМЕТ.