12 Тамыз, 2011

Құрылыс сапалы болса, тұрмыс сапалы

394 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Құрылыс саласының  сапасына бақылау жасау бүгінде шарттылық емес,  тапсырыс берушілер мен инвесторларды шынымен де алаңдататын  мәселе болып отыр. 2010 жылы жобаларды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік сарапшылар республикалық бюджет үшін 235 миллиард теңге үнемдеп, бүтіндей алғанда қаржыландырудың барлық көздері бойынша болашақ құрылыстардың жиынтық құны 705 миллиард теңгеге төмендетілген. «Жобаларды ведомстводан тыс мемлекеттік сараптау» РМК-нің бас директоры Бірлік ЕРЕЖЕПОВ төменде осы және құрылыс саласында орын алған өзге де мәселелер жөнінде әңгімелейді.   – Бірлік Бекмырзаұлы,  сараптама – құрылыс үдерісінің ажырамас бөлігі. Жобалау-сметалық құжаттардың мемлекеттік сараптаудан кедергісіз бірден өтіп кетуі жиі болып тұра ма, әлде... – Сөз орайында, мемлекеттік  сараптама­ның нысандарды жобалауда орын алуы мүмкін кемшіліктердің алдын алу, нысандар­дың құрылымдық және технологиялық қауіп­сіздігін  және нысандарда  белгіленген жұмыс көлемі мен қаржы шығындарының шынайы­лығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер­дің бүтіндей бір кешенін шешуге бағыт­талатынын еске сала кету қажет. Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында «Мемсараптама» РМК мамандары мен оның өңірлік бөлімдері 4829 жобалау-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) қарап, біздің сарапшыла­рымыздың түзетулері мен ескертулерін енгізгеннен кейін олардың бар болғаны 4718-і ғана оң қорытындылар  ала  алды. Орташа  алғанда  5 пайыз  жағдайда  ғана ЖСҚ ұсақ ескертулермен сараптамадан өтеді, ал қалған жобалар айтарлықтай жетілдіруді қажет етеді. Мемлекеттік сараптамадан кейін жобалау ұйымдары мен тапсырыс берушілер ұсынған құрылыстың жобалық құнын жалпы алғанда 416 миллиард теңгеге, соның ішінде, мемлекет қаржыландыратын жобалар бойын­ша 277 миллиард теңгеге төмендетудің сәті түсті. Жалпы, мемлекеттік сараптаудан өту – ол ұжымдық жұмыс. Сараптама қорытындысы негізінен  тапсырыс берушілердің жобалау­шы­­лар­мен бірге құжаттарды қаншалықты сауатты, дәл және уақытылы дайындауына байланысты болады. – Мемлекеттік сарапшылар жобалау­шы­лар­дың сметалық есептеулерін төмен­дету мен құрылысты арзандатудың ретін қалай келтіреді? – Негізінен құрылыс нысандарының құ­нын арзандату жобалық шешімдерді оңтай­ландыру нәтижесінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, арзандатулар жобаларда бай­қалған негізсіз және мақсатсыз шығындарды алып тастау, материалдар мен жабдықтарды асыра бағалаулар көлеміне түзетулер, сол сияқты жобалау-сметалық құжаттағы басқа да бұрмалаулар мен кемшіліктерді жою есебінен жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алулардың қазіргі бар жүйесі бойынша жобалық жұмыстарды баға­лары төмендетілген конкурстық өтініштері бар компаниялар ұтып алады. Соның сал­дарынан олар кейін субмердігерлікке кәсіби құрамы төмен және алынған міндеттемелерді орындауға дайындықтары жоқ ұйымдарды тарта отырып, өздерінің шығындарын барын­ша  қысқартуға тырысады. Соңғы он жылда мұндай ұйымдардың, сол сияқты «бір күндік фирмалардың» саны айтарлықтай өсіп кетіп отыр. Бірақ мұндай  «бәсекелестік» жобалық өнімдердің сапасына кері әсер ете алған жоқ. Оның үстіне көптеген тапсырыс берушілер жобалаушылардың  сараптамадан  өтуі  үшін қажетті уақытты да қоса алу арқы­лы, жобалаушылар үшін шындыққа үйлес­пейтін мерзімдер белгілей отырып, жобалау­дың нормативтік  ұзақтығына  қатысты талаптарға назар аудармайды. Осындай объективті және субъективті себептерге байланысты жобалаушылар жұмы­сында кемшілік пайда болады, ал ол құры­лыстық және жоспарлы-көлемдік жобалар бойынша дұрыс шешімнің қабылданбауына, айтарлықтай қаржылық және материалдық шығындарға, салынған нысандардың сапасы­ның және оларды пайдалану қауіпсіздігінің төмендеуіне апарып соқтырады. – Сіздің ойыңызша, мұндай ахуалды қалай өзгертуге болады? – Нысандардың сапа жағынан мінсіз болып іске қосылуының маңызы өте зор. Сол үшін де біз бастапқы сатыда-ақ жобаның  тиісті сапаға сай болуына қол жеткізуге ұмтыламыз. Бірақ, олар құрылыс алаңда­рында көбіне-көп жақсы деуге келмейтіндей  дәрежеде  жүзеге асырылып жатады. Сарап­шы оң бағалағандай дәрежеге жетпейтін ғимараттар мен құрылыстар пайдалануға беріледі. Жеткілікті дерлік күшті дәйектері болмаған жерде және мемлекеттік сараптау­дың қосымша қуаттауынсыз бекітілген жоба­лық шешімдерден бас тартуға жол беруге болмайды. Сондықтан тапсырыс беруші­лердің, жобалаушылар тарапынан өзіндік норма бақылау қызметі мен авторлық  бақы­лау­дың  жобаларды  басқару  сапасына  деген жауапкершілігін арттыру қажет. Бүгінгі таңдағы жобалау және құрылыс рыногы инвестициялық жобаны басқарудың жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуден бастап, құрылыстың сапасына, мердігерлердің қаржыны мақсатты пайдалануына, нысанды пайдалануға беруге шығарып, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі кешенді көзқарасын ұсына алатын инжинирингтік компаниялар қызметіне деген сұранысты туындатып отыр. Егер тапсырыс берушінің белгілі бір нысанға салатын қаржылары бар болса, кәсіби инжинирингтік компаниялардың қызметіне жүгіну олар үшін әлдеқайда қолайлы. – Мемлекеттік сарапшылар тапсырыс берушілер мен жобалаушыларға қателік­терге қалай жол бермеуге болатыны туралы кеңестер бере ала ма? – Әрине. Біріншіден, мемлекеттік сарапта­маның өз сайты бар, сол арқылы  жобалау-сметалық құжатқа мемлекеттік сараптама жасаудың қандай сатыда тұрғандығын біліп отыруға болады. Онда біздің сарапшылар жобаларда анықтаған сәйкессіздіктер мен кемшіліктер көрініс тауып, ол бойынша берілген қорытынды шығарылып отырады. Екіншіден, сараптамадан өтуге құжаттар пакеті тапсы­рылған кезде тек бақылау ғана емес, сонымен бірге тапсырыс берушіге ақыл-кеңестер де қарастырылады. Біз өз сарапшыларымыздың жұмысын ашық әрі мөлдір қылуға тырысамыз. Ведомство ішіндегі көптеген үдерістер оңтайлан­дырылған, құжаттарды келісуге бөлінетін мерзімдер мейілінше қысқартылған, элек­трон­ды құжат айналымына көшу жүзеге асырылды және басқа да көптеген жұмыстар атқарылды. – Бүгінде Қазақстан үшін қандай маңызды жоба сараптамадан өтуде? – Біз үшін әрбір нысан маңызды. Тал­дыкөл жинағыш-көлінің ағынды суларын тазарту жобасы көкейкестілердің бірінен сана­лады. Бұл елордада бес жыл бойына жүзеге асуы тиіс. Алғашқы үш жылда қазіргі за­манғы тазарту технологияларын пайдалана отырып тазартылған  судың  Есіл өзеніне құйы­луын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл ретте су барлық санитарлық талап­тарға сәйкес келетіндей өлшемдерге жеткізілетін болады. Сонымен бір мезгілде көл айдынын 2021 гектардан 411 гектарға дейін азайта отырып, Талдыкөл су жинағышының өзін біртіндеп жою жұмыстары жүзеге асы­рылады. – Мемлекеттік сарапшылардың күш-жігері болашақта қандай жұмыстарға бағытталмақшы? – Қазіргі күні барлық технологиялық күрделі жобалар – өнеркәсіп, денсаулық сақ­тау, білім беру, мәдениет пен спорт  нысан­дары мен әлеуметтік инфрақұрылым  жоба­лары  мемлекеттік  сараптамадан өтуде. Олар­дың бәрі де ең жаңа инженерлік технологиялармен жарақтанған. Бұл сияқты меганысан­дармен жұмыс істеу сарапшыларды өздерінің кәсіби деңгейлерін көтеруге  ынталандырады. Біздің қызметкерлеріміз тұрақты түрде шетелдерде тағылымдамадан өтіп тұрады, ал ресейлік, украиналық және беларустік әріптес­теріміз біздерге келіп тұрады. Осы сияқты қалыптасқан  өзара тәжірибе алмасулар болашақта да жалғаса бермекші. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.