13 Тамыз, 2011

«Орталық–2011» оқу-жаттығулары аясында

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылғы қыркүйек айының орта­сын­да өтетін «Орталық–2011» халықаралық стра­тегия­лық жаттығулары шеңберінде Қазақстан Респуб­ликасы­ның аумақтық суларына Ресей Феде­ра­циясы Әскери-теңіз флоты Каспий флотилия­сы­ның «ГС-202» гид­ро­графикалық кемесі жіберілді. Ресейлік «ГС-202» Қазақстан Республикасы Қару­лы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Жайық» гидро­графикалық кемесімен бірлесіп, жаттығу өтетін ауданда гидрографикалық зерттеулер жүргізетін болады. Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ын­ты­мақтастықтың стратегиялық бағытын ескергенде,  екі ел қарулы күштерінің бірлесіп өткізетін оқу-жат­тығу­ла­ры маңызды болып табылады. Бұл жаттығулар ай­мақ­тық қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынты­мақтастық және терроризм мен экстремизмге қарсы күресті бекіте түседі. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі  баспасөз қызметінің қызметкері.