13 Тамыз, 2011

Тұрғын үй саласын жаңғырту бағдарламасы

1177 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Көп­­теген жылдар бойы комму­нал­дық сектор қалған-құтқанды бө­лу қағи­даты бойынша қаржы­лан­дырып кел­ді. Соның салда­ры­нан 2008 жыл­ға қарай коммуни­ка­циялардың 72 па­йызы жөндеуді немесе ауыс­тыруды қажетсінеді», деп атап көрсетті. Осыған байланысты ел Үкіметі 2011 жылдың 30 сәуі­рін­де Тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарла­ма­сын бекітті. Кеше Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің осы кешенді бағдар­ла­маның іс жүзіне асырылуына бай­ла­нысты отырысы болып өтті. Онда тұрғын үй-коммуналдық  шаруа­шылығын жаңғыртудың 2020 жыл­ға дейінге арналған бағдарламасын іс-жүзіне асырудың алғашқы нәти­желері қорытындыланды. Өңірлерде пәтер иелерімен болашақ жөндеу жұмыстарының сметалық жобасын белгілеу және көп қабатты тұрғын үйлерді жөндейтін мердігер мекемелермен сметалық жобалау жұ­мыс­тарын жүргізу мәселелері бой­ынша өзара келісім-шарттар жасасу, қаржы жинақтау есеп шоттарын ашу мәселелері бойынша жан-жақ­ты келісім жасалынды. Тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­­шылығы саласын модерниз­а­ция­лаудың кешенді жоспары бой­ынша, қанатқақты бағдарлама ретінде Өскемен және Семей қа­ла­ларында терможаңғырту тәсілдерін қолдана отырып, жылу энергиясын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүм­кін­дік беретін кешенді жөндеу жұ­мыстары жүргізілген болатын. Бұл жоба ойдағыдай жүзеге асырылды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылы елімізде осы әдіс бойынша 1200 көп пәтерлі тұрғын үй кешенін жөндеу жоспарланған. Қазір көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге қатысты барлық дайындық жұ­мыстары аяқ­талды. Кондоминимум нысанда­ры­ның ортақ мүлкіне күр­делі және ағымдағы жөндеу жұ­мыстарын жүр­гізудің тетіктері реттелді. Сонымен бірге, қолға алынған кешенді бағдарламаның тағы бір маңызды міндеті – жылумен, эл­ектр­мен, газбен қамтамасыз ету және басқа инфрақұрылымдық жү­йе­лерді жаңғырту болып табыла­ды. Бағдарлама бойынша, 2015 жыл­ға қарай 24,4 мың шақырым инфра­құ­рылымдық желілер жаңар­тылатын болады. Атап айтқанда, оның ішінде 1,1 мың шақырым жы­лу жүйесі, 3 мың шақырым газ желілері, 20,3 мың шақырым эл­ектр жүйелері жа­ңартылады. Тұр­ғын үй-комму­нал­дық шаруашылығын модер­ни­за­ция­лаудың 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған бірінші кезеңінде жүзеге асы­рылатын кешенді шараларға 451034 миллион теңге қаржы бөлінбек. Отырыста атап көрсетілгендей, биылғы жылдың алғашқы 6 ай­ын­да еліміз бойыша 415 көп пәтер­лі үйлерге энергетикалық аудит жүр­гізілген. Осы шараның нәти­же­сін­де көп пәтерлі үйлердің энер­ге­тикалық тиімділігі жөнінде есеп жасалып, бұл тұрғын үй кешендеріне жұмсалатын энергия қуатта­рын үнемдеу тетіктері белгіленді. Сонымен бірге, Қостанай, Қара­ған­ды, Орал, Талдықорған, Тараз, Қы­зылорда, Ақтөбе және Шымкент қалаларының жылу тарату желіле­рінің техникалық жағдайына бақы­лау жүргізілді. Осының нәтиже­сін­де 2011 жылдың қарашасында осы сегіз қаланың жылу жүйелерінің техникалық-экономикалық  жағ­дай­ын нақты анықтау жөнінде есеп дай­ындалып, оның тиімділігі ан­ықталатын болады. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен іс жүзіне асырыла бастаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және қайта жаңғырту жұмыс­та­ры­ның болашағы зор. Бұл ретте көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын әрбір пәтер иесі бұл кешенді ша­раны түсіністікпен қабылдап, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғын қайта құру ісіне белсенді ара­ласуы керек. Бұл еліміздің бола­ша­ғы үшін және ертеңгі ұрпақтың қо­лай­лы да жақсы жағдайда тұрмыс құруы үшін ауадай қажет. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.