17 Тамыз, 2011

Пара алсаң, басыңа пәле

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Батыс Қазақстан об­лыстық экономикалық қыл­мыс­қа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес департаментінде брифинг өткізіліп, онда департамент бастығы­ның орынбасары Әнуар Хасенов 8 та­мыз күні облыстағы аудан­дар­дың бірінің әкімі А.С. мен оның орынбасары Б.Ү-ге және кеңесшісі С.Қ-ға қатыс­ты пара алу фактісі бойынша қыл­мыстық іс қозғалғанын жер­гілікті және республи­ка­лық БАҚ өкілдеріне мәлім­деді. Орынбасардың айтуына қарағанда сол күні прокурор­дың санкциясымен жүргізіл­ген тінту барысында аудан әкімі А.С.-ның үйінен оған пара ретінде берілген 300 мың теңге сомасындағы ақша қара­жаты табылған. 11 тамыз күні аудан әкімі А.С. сот санк­ция­сымен қамауға алынған. Брифингтің барысында департамент бастығының орын­басары Әнуар Хасенов орын алған пара алу фактісі бойын­ша журналистер қойған сұрақ­тарға жауап беруден бас тарт­ты. Ол мұны баспасөз өкіл­деріне тергеу амалдарының жүр­гізілуіне байланысты деп түсіндірді. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.