«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі кең ауқымды жұмыс жүргізуде. Жаңа әдістер мен тәсілдерді айқындау мақсатында нұротандықтар кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін үнемі талқылап, жергілікті шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» мүлдем жаңа бағдарлама дайындап жатыр. Бұл құжатта жүйе құраушы кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктің өзара әріптестігіне жағдай жасау мәселесіне басты назар аударылатын болады. Сарапшылардың пікірінше, жергілікті мазмұнды 100 млрд.теңгеге көбейтсе, соның нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында қосымша 50 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріледі. Бұл әсіресе, жүйе құраушы кәсіпорындар басты жұмыс берушілер болып табылатын шағын қалалар үшін аса маңызды. «Нұр Отан» партиясы осы әлеуетті барынша қолдануға ниетті.
16 тамыз күні Павлодар қаласында жүйе құраушы кәсіпорындардың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин өз сөзінде: «Шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына барлық жағдай жасау – бұл Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің алдымызға қойған міндеттерінің бірі. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған арнайы бағдарламаны дайындауға кірісті. Осы бағдарламаның басты мақсаты – жергілікті бизнесті дамытумен қатар, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және де әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру», – деп атап өтті.
Жұмыс тобы мүшелерінің ойынша, жаңа бизнес-бастамалар өзін көп күттірмейді. Жүйе құраушы кәсіпорындардың қолдауымен кәсіпкерлер тауар мен қызметтерді жасап шығаруға тапсырыстардың көп бөлігін өзі қамтамасыз ете алады. Табысты әріптестіктің мысалдары аз емес. Олардың бірі – Қазақстан электролиз зауыты – металлургиялық алюминий кластерінің негізгі кәсіпорны.
«Менің ойымша, «Нұр Отан» аса қажетті бағдарлама әзірлеп жатыр. Ірі кәсіпорындар жергілікті кәсіпкерлерге көмектесуіне мүмкіндігі бар. Біз оларға тауарлар мен қызметтердің үлкен көлемін тапсыра аламыз. Бизнесмендерге көмектессек, біз өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан барлық аймаққа да пайдамыз тиеді», – деп «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Алмаз Ибрагимов атап өтті.
«Бүгінде Елбасы отандық экономиканы дамыту үшін барлығын жасап жатыр. Біз де қарап отырмауымыз шарт. Көбірек өнім өндіріп, одан әрі даму үшін бізге ірі компаниялардың тапсырыстары өте қажет. Бұл – біз үшін қосымша ынталандыру», – дейді «Сварко» Павлодар пісіру құрал-жабдықтары зауыты» ЖШС бас директоры Сергей Аксенов.
Жұмыс тобының бірінші отырысы жобаның негізгі қатысушыларының қызығушылығын көрсетті.