Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ауаның сыртқы нақты температурасына сүйене отырып жылу энергиясының құнын тұрмыстық тұтынушыларға қайта есептеу және осы қаражатты тұтынушыларға қайтару бойынша агенттік жүргізген жұмыс қорытындыларына арналған брифинг өтті.
Қайта есептеу агенттік төрағасы бекіткен ауаның сыртқы нақты температурасы ескеріле отырып, жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу әдістемесі бойынша жүргізіледі. Әдістеме 1м2 жылытуға қажетті жылу энергиясы көлемінің ауаның сыртқы температурасына тәуелді болуына негізделген. Қаншалықты жылы және температурадан (жылу ағыны есебіне салынғаннан) ауытқу көп болса, қайта есептеу сомасы соншалықты жоғары болады.
Өткен 2010-2011 жылғы жылыту кезеңінде ауаның сыртқы нақты жоғары температурасының нәтижесінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға республиканың 16 өңірінде қолданыстағы әдістеме бойынша 853,301 млн. теңгеден асатын сомада ақшалай қаражат қайтарылды. Бұл ретте 2011 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша жылыту кезеңі ішінде, сондай-ақ үстіміздегі жылғы сәуір-шілде айларында берілген шоттар бойынша тұтынушыларға 551 млн. теңге қайтарылды.
Сөйтіп, тұрмыстық тұтынушыларға Астана қаласында 409,197 млн.теңге, Алматы қаласында 10,472 млн. теңге, Алматы облысында 6,634 млн. теңге, Ақмола облысында 7,400 млн. теңге, Атырау облысында 1,685 млн. теңге, Ақтөбе облысында 6,340 млн. теңге, Жамбыл облысында 2,624 млн. теңге, Шығыс Қазақстан облысында 30,364 млн. теңге, Батыс Қазақстан облысында 0,286 млн. теңге, Қостанай облысында 102,624 млн. теңге, Қарағанды облысында 251,00 млн. теңге, Қызылорда облысында 10,476 млн. теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 6,253 млн. теңге, Павлодар облысында 2,183 млн. теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында 4,078 млн. теңге ақшалай қаражатты қайтару жүзеге асырылды.
«Егемен-ақпарат».