19 Тамыз, 2011

Кивилев отбасына көмек

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет пен жеке кәсіп­керліктің әріптестігі аясын­да бүгін Астанада бастала­тын форумның қарсаңында «Pro Team Astana» вело­ко­мандасы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ХІІ Азия ойындарының жеңім­па­зы, 1996 және 2000 жыл­дар­ғы Олимпиадаға қатысу­шы Андрей Кивилевтің за­йы­бы Наталья мен ұлы Леонардқа стипендия таға­йын­дады. Енді оның әйелі мен бала­сы жыл сайын «Астана» ко­ман­дасының тарапынан 7 000 еуро көлемінде стипендия ала­тын болады. Жақында Наталья мен Леонардқа стипендия тапсыру үшін Велоспорт феде­ра­ция­сының тапсырмасы бо­йын­ша «Астана» команда­сы­ның ком­мерциялық директоры Айдар Махметов Монакоға ба­рып, Андрей Кивилевтің жа­қын туыс­тарымен кездесті. Осы жер­де ол велоша­бан­доз­дың әйелі мен баласына ал­ғаш­қы стипендия­ны табыс етті. Кездесуде А.Мах­метов А.Ки­вилев­тің осыдан 10 жыл бұ­рын «Тур де Франс» вело­жа­рысында төртінші орын алға­нын айта келіп, егер сол кезде қаза таппағанда ол әлі талай биік белестерді ба­ғын­дыра ала­тынын атап көрсетті. Өз кезегінде Наталья Кивилева қазір Андрей Кашечкиннен басқа оның бұрынғы дос­тары мен әріптестері Кивилев о­т­ба­сымен араласпай­тынын, тек Андрей ғана жиі хабар­ласып, хал-жағдай сұрас­тырып тұраты­нын айтып, осын­­дай қысылтаяң кезде Қа­зақ­стан Велоспорт фе­дера­ция­сы мен «Астана» ко­ман­­да­сы ме­неджментінің стипендия та­ғайындағанына риза­шы­лы­ғын жеткізді. Дастан КЕНЖАЛИН.