19 Тамыз, 2011

Жеңімпаздар жолы

424 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Бүгін Астанада І Спорттық форум басталады ЕЛДІКТІ ТАНЫТАТЫН ЕРЕН ІС Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде кәсіби мереке  – Спорт күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Бұл мерекені дене тәрбиесі және спорт саласының қызметкерлері мен спорт жұртшылығы үшін ғана емес, сонымен бірге саламатты өмір салтын ұстанатын барлық қазақстандықтар үшін маңызды мереке деп санаймын. Осы бір айтулы мереке – Спорт күнінде спортқа қызмет етіп, оны серік еткен  әріп­тес­терімді, спорттық жетістіктерімен еліміздің атақ-даңқын арт­тырып жүрген спортшыларды шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде спорт алаңдары, стадиондар мен бассейндер спорт­тық рухпен жігерленген, жеңіске, тән саулығын сақтауға ұмтылған азаматтардың мерекелік көңіл-күйіне бөленеді. Адам бойын­да­ғы дәл осы қасиеттер бізге жаңа күш-қуат беріп, игі істер мен жеңістерге жетелейтіні сөзсіз. Спорт адамның бойында ерік пен патриоттық сезімді, қайсар мінез бен әділ ой қасиетін, же­ңіске ұмтылу талабын қалып­тас­тырады. Дене тәрбиесі адам­ның тән және жан сұлу­лы­ғын қа­лыптастыруға, саламатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді, теріс қылықтардан бой­ды аулақ салып, өмірді сүюге тәрбиелейді. Мемлекет басшысы спорт­ты әлеуметтік саясатқа іске асырудың, халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың тиімді құ­ралы және халықтың әл-ауқа­тының маңызды  бөлігі  ре­тінде қарастыра отырып, Қа­зақстан халқына Жолдауында және «Қазақстан-2020» страте­гия­лық даму жоспарында спорт­тың бұқаралық сипат алуына қол жеткізудің мерзімдері мен нысаналы индика­торларын айқындап берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында отандық спорт­шыларды жан-жақты қолдау, жаңа спорт кешендері мен мектептерін салу, елдегі спорт залдарының, стадиондар мен аулалардың мате­риал­дық-техникалық базасын нығай­ту – елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басымдықтарының біріне айналды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толады. Егеменді еліміз өткен екі онжылдықта әлеу­мет­тік-экономикалық және саяси дамуда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Осы үдерістердің ажырамас бір бө­лігі ретінде дене тәрбиесі мен спорттың дамуы да өмірі­міз­ден өз орнын алды. Елбасы­мыз атап өткендей, спорт – бұл тек сала­матты өмір сал­тын насихаттау ғана емес, сонымен бірге, мықты да дені сау зиялы ұлтты қалыптас­тыру үшін негіз. Осы жылдың басты спорттық оқи­ғасы – VII Қысқы Азия ойындары­ның бол­ғаны белгілі. Қазақстан осы ойын­дармен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың шымылдығын ашты. Ойындарды сәтті өткізу және атлеттеріміздің спорттық жетістіктері Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының жар­қын айғағы болды. Бүгінгі күні де ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар жал­ға­сын табуда. Солардың бірі –  19-20 тамыз аралығында Астана қаласын­дағы Бейбітшілік және келісім сара­йын­да өтетін «Бизнестің, қоғамның және мемлекеттің қатысуымен І Спорт­тық форум». Бұл арада соңғы жылдары жеке бизнес өкілдері спортты қолдау жөніндегі инвестициялық саясатын белсенді жүр­гізіп келе жатқанын атап айтуға бола­ды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Мемлекет пен бизнес тек экономи­ка­лық мәселелерді ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік мәселелерді шешуде толыққанды әріптестер болуы тиіс», деп атап көрсетті. Қазіргі заманғы спорт – бұл бизнес-индустрия, мұнда спортт­ың маркетингтік және жарна­малық мүм­кін­діктері белсенді қолданылады. Бүгінгі экономикалық дағ­да­рыс пен экономикалық жаһандық транс­фор­мацияның және өзге де әлем­дік құ­ры­лымдардың негізінде орын алған жағ­дай­ларға қарамастан, спорт барлық ұлыстар мен ұлттарды, діндер мен өркениеттерді біріктіретін адамзат­тың басты құндылығы мен жетістігі болып қала береді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына арналған Спорттық форум еліміздегі қоғамның, бизнес пен спорттың өз­ара ынтымақтастығы мен перспекти­ва­лары­ның неғұрлым маңызды мәсе­ле­лерін қа­рас­тыру үшін мемлекеттік ведомство­лар­дың өкіл­дерін, спорттық клуб­тар­дың жетекшілерін, ин­весторлар мен спорт­тық сарапшы­лар­дың ба­сын қосады. Форумның басты ерек­­шелігі оның ая­сын­да министрліктер арасында спорт­ты дамы­ту­ға арналған өз­ара меморандумдар жа­са­лып, одан кейін ұлт­тық спорт түрлерінің беделін артты­ра­тын, жастар арасында патриот­тық сезімді на­си­хат­тай­тын қа­зақ күре­сі­нен Пре­зидент Н.Ә.На­зар­­баев­­тың жүлдесіне ар­нал­ған «Қа­­зақ­стан бары­сы» респуб­ликалық жары­сы мен президенттік мильге жү­гіру  өткізіледі. І Спорттық форум алдына қойған міндет-мақсаттары орындалып, бұл жоба қоғам мен мемлекеттің еркін диалогы­ның үлгісі болатынына сенімдімін. Бү­гін­де, спортшы қауымның алдында 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпия ойындарына құрама команда­лар­ды даярлау және қажетті жолдама­лар­ды иелену жөнінде міндеттер қойы­лып отыр. Бірлескен күш-жігеріміз бен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның спорттық айбынын тағы бір рет дәлел­дейміз деп сенемін. Кәсіби мереке қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның спорттық жылнамасына алтын әріптермен жазылатын олимпиа­да­шы – спортшыларымыздың аттарын ерекше атап өткім келеді. Олардың спорт­тағы жеңістері мен жетістіктері  отандық спорт­тың даңқы мен айбынын арттыра тү­седі. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Дәулет Тұрлыханов, Владимир Смирнов, Василий Жиров, Алексей Парыгин, Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Бақ­тияр Артаев, Ольга Шишигина, Бекзат Сат­тарханов, Александр Винокуров, Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильин. Біз 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпия ойындарында отандық спорт­тың тарихында жаңа жарқын беттердің ашылатынына сенімдіміз. Құрметті спорт ардагерлері, әріптестер, журналистер, ғалымдар, спорт дәрігерлері, саламатты өмір салтын ұстанушылар, жанкүйер­лер, спортқа қатысы бар барша қауым! Осы бір айтулы күнде баршаңызды мерекемен құттықтап, шын жүректен мықты денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілеймін, толағай табыстарға жетіп, игі бастамаларыңыз жүзеге аса берсін! Талғат ЕРМЕГИЯЕВ, Туризм және спорт министрі.