19 Тамыз, 2011

Сайлау әділдігіне сенім мол

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ТМД-ның Атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшы Сергей Лебедевпен әңгімелесті Кездесу барысында Сенат де­путтарының сайлауына байқау­шы делегацияны бастап келген ТМД Атқарушы комитетінің төр­ағасы, Атқарушы хатшы Сергей Лебедев сайлау дайындықтары­мен толықтай танысып шықты. Бұл ретте Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ел ішінде өте­тін Парламент Сенаты сайлауы­на халықаралық байқаушылар­дың қатысуы, олардың тиімді жұмыс істеуі маңызды рөл ат­қаратынын, сонымен бірге, ба­қы­лаушылар үшін барлық жағ­дай жасалғанын атап өтті. Екіжақты кездесу Қа­зақ­станның ТМД шеңберіндегі қызметі жайы мен өзара әре­кет­тесу мә­селелерін де талқылады. Одан өзге, биылғы жылдың қыркүйек айында Душанбе қа­ла­­сын­да өтетін сыртқы саясат бас­шы­лары кеңесі мен ТМД Саммит басшыларының кездесуіне бай­ла­нысты күн тәрті­бі­нің бірнеше тармақтарын, жос­парлан­ған іс-шаралар қатарын сөз етті. Ержан Қазыханов ТМД-ның 2020 жылға дейінгі страте­гия­лық-экономикалық даму концеп­ция­ларының қабылдану мерзімінен кейінгі, ТМД елдерінің бірге жасаған жұмыстарына ризашы­лығын білдіріп, еліміздің ТМД-ғы интеграциялық даму үдерісіне берік ұстанымын жеткізді. Министр бұл келісілген көзқарас­та­ғы әріптестік алдағы уақытта да ынтымақтастықтың әр саласында жалғасын табатындығын айтып, үлкен сенім білдірді. Кездесуде Ынтымақтастықтың 20 жылдық мерейтойының жоспарларын да әңгіме арқауына айналды. Осыған байланысты, кездесуде Е.Қазыханов Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастамасы бой­ынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының назарында жүр­ген маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жасалған «Бір жыл – бір тақырып» атты фор­муланың ТМД жұмысы үшін тиімді болатынын айта келе, «Біз­дің еліміздің бастамасымен би­ыл­ғы 2011 жыл азық-түлік қауіп­сіздігінің жылы», – деді Сыртқы істер министрі. Кездесу соңында Сергей Лебедев журналистерге берген сұх­батында: «Біз Сенат сайлауының дайындық жұмыстарымен таныс­тық. Дайындық жұмыстары кө­ңіл­ден шықты. Жоғары деңгей­дегі бұл дайындық шараларын даму жолына түскен Қазақстан мемлекеті үшін лайықты деп есептейміз. Сайлау барысын ТМД-ның 8 мемлекетінен келген 68 байқаушы бақылайтын бола­ды. Сайлаудың шынайы әрі дұ­рыс өтетіндігіне сеніміміз мол», – дей келе, Сыртқы істер министрлігіне ТМД-мен белсенді қа­рым-қатынасы үшін алғыс білдірді. Жұлдыз БАЙДІЛДА.