20 Тамыз, 2011

Сауықтыру кешені ашылды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының Жолдауында хал­ық­тың денсаулығын жақсартып, са­ла­матты өмір салтын қалыптас­ты­ру тапсырылған. Осыған орай жер-жерде жарқын істер жалға­су­да. Осының дәлелі ретінде Үш­тө­бе қаласында екі қабатты «Панда» спорттық-сауықтыру кешені аш­ылды. Онда жүзу бассейні, аэ­ро­бика, тренажер, волейбол, баскет­бол, шағын футбол ойнайтын жә­не балаларға арналған арнайы алаң­дар жан-жақты жабдықталған. Қазақстандықтардың 30 пайы­зы спортпен айналысып, халық­­тың жасының ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу межеленгені белгілі. Спорт кешенін өз қаражатына сал­­ған кәсіпкерге жұртшылық риза­шы­­лығын білдірді. Қаратал ауда­ны­нан С. Филимонов, В. Седов тә­різді Ол­им­пиада жеңімпаздары шық­қанын ескерсек, кешенде олардың жаңа із­ба­сарлары тәрбиеленетіні анық. Кешеннің көгілдір лентасы сал­­танатты түрде қиылып, әжелер шашу шашты. Бұдан кейін жаңа ке­шен­­дегі спорттық жарыстар жалғасты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.