13 Қаңтар, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

2632 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
62 900 000 Соғыс ардагерлерінің коммуналдық-тұрмыстық шығындарын өтеуге өткен жылы осыншама теңге бөлінген Ұлы Отан соғысына қаты­сып, еліміздің болашағы үшін тер төк­­кен ардагерлерге деген қамқор­лық уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Облыстағы соғыс арда­гер­лері мен оларға те­ңес­тіріл­ген­дерге, бірінші, екінші топтағы мү­гедектерге, студент­терге қоғамдық көліктерде тегін жүрулері үшін бюд­жеттен 126,5 млн. теңге бө­лін­се, 179 соғыс және еңбек арда­гер­лері өткен жы­лы таңдаулы са­на­торийлерде денсаулығын тү­зеу­ге мүмкіндік алды. Осы бағытта облыс бюд­жетінен 42,2 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Отан үшін от кешкен арда­гер­лердің әлеуметтік жағдай­ла­рын жақ­сарту мақсатында ком­му­­нал­дық-тұрмыстық шығын­да­рын өтеу­ге 2008 жылы 62,5 млн. теңге бөлінсе, 2009 жылы бұл 62,9 млн. тең­гені құраған. Осы­лайша қам­қор­лық аясы кеңеюде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 1 000 000 Былтыр облыс диқандары осыншама тонна астық жинап алды Соңғы жеті жылда болып көр­меген табиғаттың мұндай берекелі сыйы жалпы облыс бой­ынша басқа да дәнді-дақыл­дардың молынан өсіп-өнуіне мүмкіндік туғызды. Мемлекет та­рапынан да ауыл шаруашы­лы­ғын қолдау және дамытуға кең көлемде көмек көрсетіліп келеді. Ал, негізінен алғанда, облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласына астықты және майлы дақылдар, картоп пен көкөніс түрлерін өсіруге басым бағыт берілген. Осының нәтиже­сін­де өткен жылы 619,8 мың гектар алқаптың әр гектарынан 16,3 центнер астық алынды. Бұған қоса, 120 мың тонна картоп, 80,4 мың тонна көкөніс және 12 мың тонна бақша өнімдері жиналды. Облыс бойынша 14,2 мың гектар суармалы алқап бар. Соңғы екі жылда ауыл-аудандардағы мә­ши­не-трактор парктері жалпы құны 4,4 млрд. теңге тұратын 345 жаңа озық технология түрлері­мен толықты. Облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 470 кешен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, былтыр ауыл шаруашылығы саласында жаңа­дан 3524 жұмыс орны құрылды. Қой өсіруді қолға алу мақса­тын­да басталған “Жайлау” бағдар­ламасы жүзеге асып, облыстағы бірнеше шаруа қожалығы 5 мың қой сатып алды. Бұл күндері об­лыстың үш қаласында – облыс орталығы, Ақсу және Екібас­тұз­да 8 арзан бағалы өнімдер сата­тын әлеуметтік дүкендер қызмет көрсетуде. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы. 550 000 “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы облыстық мүгедектер қоғамына, аялы алақан мен ерекше күтімді қажет ететін жарым көңіл бүлдіршіндерге жалпы бағасы осыншама теңге құрайтын  сыйлықтар тарту етті Мерейлі істі атқаруға келген ак­ционерлік қоғам бас директо­рының көмекшісі Ян Эньбяо мұндай ізгілікті істің алда да жал­ғасын табатынын жеткізді. Ком­­па­нияның әкімшілік депар­таменті директорының орын­ба­сары Юрий Шинкарев кәсіп­орын­ның қоғам алдындағы әлеу­меттік жауапкер­ші­лігі осындай қайырымдылық, меценаттық шаралар арқылы жүзеге асыры­латынын айтты. Акционерлік қоғам әзірлеген жүз сыйлық “Ақбөбек” сауық­ты­ру орталығындағы бүлдіршін­дер­ге үлестірілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.