24 Тамыз, 2011

Партияаралық байланыс нығаяды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Корея Республикасы Президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел ынтымақтастығын кеңейту әрі тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етуі тиіс Екінші Қазақстан-Корея пар­тия­ара­лық форумы болып өтті. Мұндай маңызды шараның өткізілуі жайдан жай емес. Өйт­кені, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы стра­те­гиялық әріптестер болып табы­ла­ды. Қарым-қатынастар негізін пре­зиденттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак қалап отыр­ған­дығын айта кеткен жөн. Форумда сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин бұл туралы былай деді: «Елбасымыз, «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяса­ты тек екі мемлекет арасындағы дип­ломатиялық қарым-қатынас­тарды тереңдетіп қана қоймай, сонымен бірге, партияаралық ын­тымақтастықты да белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді». Партияаралық деңгейде әріп­тестік қатынастар нығаюда. «Нұр Отан» мен «Ханнара» – билік партиялары. Сонымен бірге, партиялар ел дамуын жаңа деңгейге көтеруге ұмтылған саяси ұй­ым­дар ретінде белгілі. Екі партия ара­сында қол қойылған былтыр­ғы хаттама ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуге негіз қалады. «Ханнара» партиясы же­текшісінің орынбасары Хван Джин Хан бұл тұжырымды қуат­тады. «Қазақстан Республика­сы­ның көшбасшы партиясымен әріп­тестік қатынастардың орны­ғуы біз үшін аса маңызды. Қа­зір­гі уақытта «Нұр Отан» мен «Ханнара» ара­сын­да қабылданған өз­ара әріп­тес­тік туралы хаттама тиімді жұмыс істеуде. Біздің қа­рым-қатынаста­ры­мыз ұзақ мерзімге созылып, екі ел игілігі үшін қызмет ететініне сенімдімін», деді ол өз сөзінде. Тарихы тамырлас екі ел ара­сында қазір барлық мәселелер бой­ынша өзара тиімді ынты­мақ­тастық аясы кеңейе түскен. 2009 жылы Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қа­зақ­станға мемлекеттік сапары ба­рысында энергетика, көлік, құры­лыс, коммуникациялық технология және өзге де салалардағы ынтымақтастық құжаттарына қол қойылған-ды. Ал Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың 2010 жылы Кореяға жасаған мемлекеттік са­парында мұнай химиясы, атом өн­дірісі, мәшине жасау және энер­гетика салалары бойынша 23 келісімге қол қойылған болатын. Қазіргі таңда қазақ жеріндегі 330-ға тарта кәсіпорында корейлік капиталдың үлесі бар. Жал­пы, Кореядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 3,5 миллиард АҚШ долларына жетіп отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.