Ұлы Отан соғысының адам баласына салған жарасы аз емес. Талай боздақтарымыз қан майданнан оралмады. Оқ пен оттың ортасында жүріп, отан үшін кеудесін оққа тосқан азаматтарымыз осы Ұлы Жеңіс күнін асыға күтті.
«Мереке құтты болсын қарақтарым! Иә, біз көрген қиыншылықты қазір өсіп келе жатқан өрендеріміз көрмесін! Үкіметіміз қазір бізді құрметтеп, елеп ескеріп барлық жағдайымызды жасап жатыр. Ел қорғаны болар, отанына адал, білекті де білімді азаматтарды тәрбиелей берейік», - дейді тыл ардагері Кеңес Тыхемет.
«Қазақ елін мерекелеріңізбен құттықтаймын! Кешегі батыр бабаларымыздың ерлігі бүгінгі бейбіт мамыражай тіршілігіміздің жемісі. Соғыс ардагерлеріне басымызды иіп, тағзым етеміз. Қазақ көгінде бейбітшілік туы мәңгі желбірей берсін», - деді актер, Әділ Ахметов.
Сондай-ақ мерекелік кештің соңында Астана қаласы әкімі Асет Исекешевтің атынан ықылас гүлі тарту етілді.
Айман МҰҚЫШЕВА