Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

«Болашақ сарбазы» жиынтығы әзірленеді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министр­лігінде «Бола­шақ сарбазы» жоба­сы­ның келешегі талқы­лан­ды, деп хабарлады Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің баспасөз қызметі.

«Болашақ сарбазы» жиынтығы әзірленеді

Қорғаныс және аэро­ға­рыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожиннің төраға­лығы­мен жоғары техноло­гия­лар­ды қолдана отырып, Қазақ­стан Республикасы Қару­лы Күш­терінің бөлімдері мен жеке құрамының жауын­гер­лік керек-жарағын жасақтау жөнінде бағдарлама әзірлеу мәсе­лесі бойынша мәжіліс өткен болатын. Іс-шараға Қор­ғаныс, Ішкі істер министр­ліктерінің және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-тың өкілдері де  қатысты.
Қазіргі уақытта «Болашақ сарбазы» үлгісіндегі керек-жарақ жиынтығына әлемнің 50-ден астам елінің армиясы ие болғанын атап өткен жөн. Мәселен, Ресейде қор­ғаудың заманауи құрал­дары кешенін, байланыс, бақылау және көздеу, қару-жарақ және оқ-дәрі құ­рал­дары кешенін білдіре­тін «Рат­ник» жауынгерлік жиын­тығымен Қарулы Күштер­ді жабдықтау жөніндегі жұмыс­тар жүргізілуде. Осы жиын­тық жауынгерлік тиімділік пен ұрыс алаңында жеке солдаттың тірі қалуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
«Біз уақыттың ағымы­нан қалмай, ғылым мен техника сала­сындағы соңғы жетіс­тік­терді пайдалану есебінен әске­ри қызметшілердің тиім­ді­лігін арттыруға арналған өзіміз­дің бағдарлама қажет деп есептейміз. Бұл ретте, біз өзіміз­дің отандық кәсіп­орын­­дардың әлеуетін барынша ұтым­ды пайдалануымыз қа­жет», − деп атап өтті вице-министр.