Бокс • 10 Мамыр, 2017

«Астана Арландарының» кездесуі Қарағандыда өтетін болды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Arlans» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) ширек финалындағы кездесуін Қарағандыда өткізетін болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Астана Арландарының» кездесуі Қарағандыда өтетін болды

Алғашында бокс кеші «Алматы Арена» кешеніне жоспарланған. Бірақ ұйымдастырушылар Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткізуді жөн деп тапты.

Айта кетейік, «Арландардың» ширек финалдағы қарсыласы – ресейлік «Patriot Boxing Team» командасы. Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 13 мамыр күні Ресейдің Кемерова қаласына жоспарланса, екінші кездесу 20 мамырда Қарағандыда өтеді.

Ширек финалдың алғашқы кездесуінде мына боксшылар күш сынасады:

49 кило: Батор Сагалуев – Теміртас Жүсіпов;

56 кило: Дмитрий Шарафутдинов – Ілияс Сүлейменов;

64 кило: Алексей Мазур – Ділмұрат Міжитов;

75 кило: Андрей Ковальчук – Сапарбай Айдаров;

91 кило: Илья Квасников – Антон Пинчук.