Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласында теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулеті өмір сүреді. Өткен жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясын жеңіп алған арыстық отбасындағы 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылды құрайды.

ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады

Темір жол кәсібін бірінші бастаған әулеттің отағасы Күшікбаев Тазабек Жаңабайұлы ҰОС кезінде тылда еңбек етіп, одан соң Арыстағы Теміржол су мекемесінде 36 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Сол жылдар ішінде ол іргелес жатқан Талдықұдық, Қабылсай, Шағыр стансалары мен разъездеріндегі халықты сумен қамтыған.

Бүгінде Жаңабай ақсақал 85 жаста. 7 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 22 немере, 18 шөбере сүйіп отыр. Жары Райхан апамыз Кеңес Одағы кезінде «Батыр ана», Тәуелсіз еліміз берген «Алтын алқа» иегері атанды.

Арыс қаласы маңындағы бұрынғы Қабылсай бекетінде тұратын Жаңабай қария бастаған теміржолшы мамандығына отбасынан 17 адам қосылып, бүгінде 14-і жалғастыруда. Яғни, 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі ата кәсіпті меңгерген.

Жаңабаевтар әулетінің ұзақ жылдар бойы теміржол саласында сіңірген еңбектері, жеткен жетістіктері мен қабілеттіліктерін, базалық дайындықтарын ескере отырып қоғамда Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында облыс әкімінің «Үздік еңбек династиясы» номинациясы берілген болатын.