Бизнес • 11 Мамыр, 2017

Қазақстандағы мұнай компаниялары жаппай жаңа қызметкерлер алып жатыр

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай компанияларындағы еңбек ресурсы көлемі қайта өсіп жатыр, деп хабарлайды finprom.kz.

Қазақстандағы мұнай компаниялары жаппай жаңа қызметкерлер алып жатыр

Биылғы жылдың I маусмының қорытындысы бойынша, шикізаттық мұнай мен табиғи газ өндірісі кәсіпорындары мен компанияларына 47,1 мыңдай қызметкер алынды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1% артық көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басында шикізатқа сұраныстың күрт төмендеп кеткенінен әлем бойынша шикізаттық компаниялар штат санын көбейту қарқынын бәсеңдетіп, жаңадан алынған қызметкерлер саны бар болғаны 5% ұлғайған еді.

Ал жалпы еңбек нарығында мұнай өндіру секторының маңызы біртіндеп артып келеді. Қазіргі таңда осы секторда жұмыс істейтіндер саны жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі қызметкерлер санының 7,6%-ын құрайды. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 6% болатын.

2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында осы саладағы орташа жалақы 631 мың теңге болды. Бұл өткен жылғыдан 7%-ға көп.

Ал тау-кен өнеркәсібінің орташа жалақысы 324 мың теңге.