Әлем • 11 Мамыр, 2017

Дональд Трамп Вашингтонда Түркия басшысын қабылдайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 мамыр күні Вашингтонда Түркия басшысы Реджеп Тайип Ердоғанды қабылдайды, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Дональд Трамп Вашингтонда Түркия басшысын қабылдайды

«Дональд Трамп 16 мамыр күні Ақ үйде Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанды қабылдайды. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланысты одан әрі нығайту және терроризмнің кез-келген көріністерімен күресу жолдарын талқылайды», – делінген хабарламада. 
Алдағы кездесуде Вашингтонның Сириядағы күрд құрылымдарын қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы шешімі талқыланады деп күтілуде. 10 мамыр күні брифингте Inherent Resolve антитеррорлық операциялар штабының ресми өкілі, АҚШ әскери-әуе күштерінің полковнигі Джон Дорриан мәлімдегендей, АҚШ Ракка қаласын ИШИМ содырларынан босату операциясына қатысып жатқан күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау жасақтарына белгілі мөлшерде қару-жарақ жеткізеді. 
Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары күрдтердің «Демократиялық одақ» партиясының әскери қанаты болып табылады. Анкара бұл құрылымдарды Түркия билігімен қарулы күрес жүргізіп отырған, әрі бұл елде лаңкестік ұйым саналатын «Күрдістан жұмысшылар партиясының» бұтағы деп есептейді. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Америка әкімшілігінің күрд жасақтарына көмектесу туралы шешімі өрескел қателік екенін, мұндай әрекет АҚШ-тың өзіне теріс ықпал ету мүмкіндігін мәлімдеді.