2016 жылы мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысына бөлінген қаражат 18 пайызға өсіп, 1,30 триллион теңге болған. Ал биыл бюджеттен 1,32 триллион теңге бөлінбекші. Оның 1,2 триллион теңгесі – еңбекақы, 112 миллиард теңге – өтемақылық төлемдер, 7 миллиард теңге қосымша ақшалай төлемдер мен 242 миллион теңге міндеттелген зейнетақы жарнасы.
Сарапшылардың мәліметінше, жалпы қордағы қаражаттың 22 пайызы мемлекеттік сектордың үлесі. Яғни, оның шамамен 12,4 миллиард теңгесі (0,9 пайызы) мемлекеттік басқармадағы қызметкерлерге тиесілі.
Бүгінде елімізде 98 900 мемлекеттік қызметкер бар, олардың 53 000-ы орталық органдарда жұмыс істесе, 46 000-ы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметкерлер.
Алайда мемқызметкерлердің жалақысының өсуі салық және басқа да аударымдардың 25 пайызға өсуіне әсер етіп отыр. Осылайша, мемлекеттік сектор 2017 жылы қазынадағы қаражатты 9 пайызға көбейтіп, 110,8 миллиард теңгеге жетеді.