Аймақтар • 15 Мамыр, 2017

Алимент өндіру – өзекті проблема

782 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында алимент бойынша «Медеу» атты мамандандырылған кеңсе ашылды

Алимент өндіру – өзекті проблема

Әлеуметтік маңызы бар істердің санатына, осы таңдағы өзекті мәсе­ле­лердің бірі  – алимент өндіру тура­лы атқарушылық құжаттар жатады. 
Осыған орай, 2015 жылдың 29 қазанында №376-V санды Қазақ­стан Республикасының Заңымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа берілген «Атқару­шы­лық іс жүргізу және сот орындау­шы­лары­ның мәртебесі туралы» Заң­­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңның 138-бабына сәйкес, жеке сот орындаушыларының құзы­­ретіне мемлекеттің мүддесі қоз­ғал­­ған атқарушылық құжаттар­дан басқа, жеке және заңды тұлға­лар­­ға қатысты, сонымен қатар, әлеу­­мет­тік маңызы бар істер бо­й­ын­­­ша барлық атқарушылық құ­жат­­тарды орындау жатады. Со­ның ішінде, алимент өндіру ту­ралы атқарушылық құжаттар да бар. Сондай-ақ, әлеуметтік маңы­зы бар істер бойынша жеке сот орын­­даушылары тарапынан жеке тұл­ға­ларға мемлекет кепіл­дік бер­ген тегін заң көмегі көрсе­ті­леді. Заң­ның 117-1-бабына сәй­кес, әлеумет­тік маңызы бар істер сана­тына жа­та­тын, сонымен қатар, али­мент өн­діру туралы атқару­шы­лық құжат­тар бо­йынша жеке сот орындау­шы­сы қыз­метінің ақысы бюд­жет­тен төленеді.
Аумақтық органға ұсынылған атқарушылық әрекеттерді жаса­ғаны және өндіріп алынған төлем­дер туралы есеп жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төл­еу үшін негіз болып табылады. Же­ке сот орындаушысының осы бап­тың 1-тармағында көзделген атқару­шылық құжаттар бойын­ша мәжбүрлеу шараларын қол­дануға бай­ланысты қызметіне ақы төлеу мөл­шерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өн­ді­ріп алу туралы атқарушылық құ­жаттар бойынша мәжбүрлеу шара­ларын қолдануына байланыс­ты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №1053 қаулысына сәйкес, жеке сот орындаушысының али­менттерді және жалақыны өн­ді­ріп алу туралы атқарушылық құ­жат­тар бойынша мәжбүрлеу шара­ларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушы­лық іс жүргізуге 5 айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде белгіленген.  
Жеке сот орындаушыларымен, алимент төлемей қашып жүрген борыш­керлерге, Қазақстан Респуб­ликасынан шығуын уақытша шектеу, мүлкін тәркілеп қана қоймай, Қазақстан Респубикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Заңының 669-бабына сәйкес, 10 АЕК көлемінде айыппұл салудан  5 тәулікке дейін қамауға алу және де қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды шаралар қолданылады.

Зере ҚАРЖАУОВА,
Алматы қалалық әділет департаменті

жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің жауапты маманы
 

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55