Оның сөзіне қарағанда, Ең ауқымдысы – осы «Мәскеу-Бейжің» бағытындағы марафон екен. 4 наурызда жолға шығып, содан бері алпыс тоғыз күн ішінде үш мың шақырымды артқа тастапты. Автоүйде спортшыға барлық қажетті жағдай жасалған.
Өзін «ресейлік Форест Гамп» деп атайтын Александр Капер ат басын тіреген Петропавл ауқымды марафонға кіретін жалғыз қазақстандық қала саналады.
131 күннен кейін спортшы Бейжің қаласына жетеді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»