Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Энергетика министрі Қызылордадағы ЖЭО-да мұржаның құлауы фактісіне түсінік берді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қызылорда қаласындағы ЖЭО-да мұржаның құлауы фактісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Энергетика министрі Қызылордадағы ЖЭО-да мұржаның құлауы фактісіне түсінік берді

«Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы орайда олар өздерінің тұжырымын мәлімдеуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар комиссиямен бірлесе барлық мән-жайды баяндайды. Менің білуімше, бұл нысан Жылу электр орталығының 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істемей тұрған бөлігі. Аталған аймақта тазарту жұмыстары жүрзіліп, ескі нысан сүріліп жатқан болатын. Тәжірибеге сүйенсек, егер де осындай жағдайда адамдардың өмірі қиылса, онда техникалық қауіпсіздің ережесі бұзылғандығы анықталады. Сондықтан да комиссия барлығын зерделеп, тиісті қорытынды шығарады», деді Бозымбаев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.

Айта кетейік, 14 мамырда сағат 18:20-да бұзу жұмыстарын жүргізу барысында Қызылордадағы ЖЭО мұржасы «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысының үстіне құлап кетті. Олардың бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі оқиға орнында қаза тапты.