«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің жарлығым бойынша Ляпунов Андрей басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Өздеріңіз білесіздер, Андрей Ляпунов екі жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелеріне жетекшілік етті. Ол өзін облысымыздың ең күрмеулі салаларын тамаша білетін білікті маман ретінде көрсете білді», деді Ерлан Қошанов.
Жедел әрі дер кезінде атқарылған іс-әрекеттердің арқасында Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының қиындықтарын азайтуға мүмкіндік туды деп атап өтті облыс әкімі. Ерлан Қошанов Андрей Ляпуновқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің өкімімен облыс әкімі орынбасары қызметіне Шкарупа Анатолий Валерий ұлы тағайындалды», деді облыс әкімі.
Ол жаңа орынбасар алдына аймағымыздың келесі жылғы жылыту маусымына дайындығы және ТЖ-ның алдын алу бойынша бірнеше міндет қойды.
А. Шкарупа 1975 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында туған. Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-экономист.