Ағаш егу және нысан аумағын тазарту жұмыстарына 25 жас буын мен 25 жыл құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген аға буын өкілдері, Жаңаөзен қалалық ІІБ қызметкрелері қатысты.
– Шара арқылы жас тәртіп сақшыларына 25 жыл ішкі істер органында еңбек өтілі бар аға буындардың тек қана өздерінің қызметтерінде ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да атсалысатындығын көрсету және жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, олардың аға буыннан үлгі-өнеге алуына, өз еңбектеріне адал болуына көмек беру, сондай-ақ халықтың ішкі істер органына деген сенімділігін нығайту. Мен ұжым атынан Қазақстандық полицейлерді мерекесімен құттықтаймын, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілеп, әрдайым халқымыздың тыныштығын қорғайтын жігеріміз, күш-қайратымыз таусылмасын, халықымыз үшін аянбай еңбек етейік, дегім келеді, дейді Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның бастығы полиция полковнигі Амангелді Асқарұлы.
– Осы шара арқылы біз ішкі істер органдарында 25 жыл еңбек өтілі бар үлкен аға буын өкілдерінен қоғамдық жұмысқа белсене қатысу қажет екендігін білдік, олар еңбек ету мен ел алдындағы жауапкершілік туралы насихаттаудан жалыққан жоқ. Біз халқымыздың сенімін ақтауға, қызмет барысында адал да, аянбай еңбек етуге дайынбыз. Ал аға ұрпақтан алатын патриоттық тәрбиеміз де, тәжірибиеміз де, үлгі-өнегемізде көп деп санаймын, дейді Жаңаөзен қалалық ІІБ ІІБ ӘПТ инспектор полицейі Қабылбек Қаттыбеков.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ