Бизнес • 15 Мамыр, 2017

Маңғыстаулық «Томирис ЛТД» мемлекеттің қолдауымен бизнес ауқымын кеңейтті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында субсидия және кепілдік секілді мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар саны артып келеді.

Маңғыстаулық «Томирис ЛТД» мемлекеттің қолдауымен бизнес ауқымын кеңейтті

2017 жылдың басынан мамыр айына дейін Маңғыстау облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің 10-шы ашық отырысы өтсе, оның қорытындысы бойынша 50-ден астам жоба мақұлданып, мемлекеттен қолдау алатын болды.

Солардың бірі – «Томирис ЛТД» ЖШС. Компания негізінен әр түрлі көлемдегі түрлі-түсті және түссіз, ұстағышы және ұстағышы жоқ, тағамдық және тағамдық емес полиэтилен пакеттерін өндірумен айналысады. 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе кәсіпорын өз бизнес ауқымын кеңейту мақсатында «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, мемлекетік қолдау бағдарламалары жөнінде кеңес алды.Орталық қызметкерлері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алуға құжат жинау барысында көп көмек көрсетті. Нәтижесінде банк 60 айға 16,5% жылдық мөлшерлемесімен 18 млн теңге берді. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау құралын пайдалана отырып, 16,5%-дың тек 6,5% өтейді, ал қалған 10% қайтарымсыз негізде мемлекет өтейді.

Сондай-ақ банкке қоятын кепілзаты жеткіліксіз болғандықтан, «Даму» қорының кепілдемесін алды. Соның көмегімен кәсіпкер қажетті соманы толық көлемде ала алды. Қаражат өндірістік жабдықтың «екінші желісін» сатып алуға жұмсалды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АҚТАУ