Аймақтар • 16 Мамыр, 2017

Апаттан бір адам қаза болды

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Апат айтып келмейді». Жазым дегеніңіз аяқ астында. Қызылордада осындай апатты жағдай орын алды. Оқиға 14 мамыр күні сағат 18:20-да «Қызылорда жылу электр орталығындағы» жарамсыз жылу қазандығын демонтаждау кезінде болған. Апат салдарынан бір адам қаза болып, бір кісі жарақат алды.

Апаттан бір адам қаза болды

Жарамсыз жылу қазан­ды­ғы­ның көк тіреген мұржасы 1962 жылы салынған екен. 2003 жылы аталған мұржа жарамсыз деп табылған. Соны құлату барысында Тұрақ Бақанов есімді азамат үйіндінің астында қалып қойып, қаза тапты. Ал Рысқұл Айтқұлов жарақат алды.
– Негізгі мердігер «АБК құры­лыс» компаниясы болатын. «Алтын ЛТД» серіктестігі қосымша мердігер болып кіріс­кен. Мұржаның айналасында «Қызылорда жылу электр орта­лығы» мекемесінің бірнеше ғи­ма­раты болғандықтан, онда адам­дар қызмет ететіндіктен, аталған жұмысты жексенбі күні жасайық деген шешімге келдік. Өйткені, қызметкерлердің қауіп­сіздігін сақтауымыз керек. Бар­лық жұмыс жоспар бойынша іске асты. Оқиға орнында үш адам жұмыс жасады. Бірақ мұржа құлаған кезде бір адам үйінді астында қалып қойды. Екіншісі жарақат алды. Қазір осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайы әлі де анық­талады, – деді «Қызылорда жылу орталығы» мекемесінің директоры Бауыржан Мадраимов.
«Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД жедел тобының техникасы мен қызметкерлері, Оңтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отряды, өрт сөндіру қызметі мен Қызылорда облысы ТЖД апатты-құтқару қызметкерлері жұмылдырылды. 60-қа жуық құтқарушы мен он техника, екі кинологиялық есеп жұмыс жүргізді», дейді облыс­тық ТЖД төтенше жағдай­ларды жою бөлімінің басшысы Бақтияр Тұрманов.
Ал «Алтын ЛТД» серіктес­тігі­нің бригадирі Молда­ғали Олжағұлов қаза болған Тұ­рақ Бақановтың отбасына бар­лық көмек көрсетілетінін, ал Р.Айт­құловтың жағдайы бір­қа­лып­ты екенін айтады. «Мұн­дай тосын оқиғадан еш­кім сақтандырылмаған ғой. Бар­лығы ойламаған жерден болды», – дейді ол. Бірақ осындайы «Сақ­тансаң – сақтармын» деген сөз де еріксіз еске түседі екен. Жұмыс­шылардың техникалық қауіпсіз­дігі бірінші орынға қойылуы керек емес пе еді?! Ал берілетін көмек отағасын алмастыра алмайды ғой. 

Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА