«Катонқарағайдың дастарқанынан жәрмеңкеге келген жұрттың барлығы дәм татты. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында алты құтыдағы 5 литрлік күнбағыс майын көтеруден сайыс ұйымдастырдық. Аудан мектептері жанындағы саяжайларда оқушылардың өз қолымен өсірген бау-бақша өнімдері де саудаға шығарылды», дейді Катонқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Қанафина.
Жәрмеңкеде аудан брендтерінің бірі саналатын бал өнімдеріне сұраныс ерекше болды. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин былтыр «Катонқарағай шәрбаты» деп аталатын ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, оған аудандағы 30 омарташының біріккенін, бүгінде бал өнімдерін Қытайға экспортқа шығару мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.
Бір мысал айтайын, Жаңа Зеландияның балының бір келісі 5 мың доллар тұрады. Көрдіңіздер ме, олар бренд деңгейіне дейін көтерген. Әлгі балдың дәмін татып көрдім, біздің Катонқарағайдың балы одан әлдеқайда артық. Сондықтан, біз балды жаңа технологиялармен өндіруге тездетіп көшуіміз керек», дейді облыстық мәслихаттың депутаты Ұлықбек Тұмашинов.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН
Суретті түсірген
Ғылымбек СӘБИТОВ