Үкімет • 16 Мамыр, 2017

Уақыт талабынан шығуға талпыныс мол

143 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қостанай облысына барып, онда Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндірді, оларды іске асыру барысын талқылады.

Уақыт талабынан шығуға талпыныс мол

Үкімет басшысының об­лыс­қа сапары аясында Затобол кен­тіндегі «Алтын дән» ауыл­дық мәдениет үйінде өңір жұрт­шы­лы­ғымен өткен кездесуде тұр­ғын үй мен ипотеканың қолже­тімділігі, жаңа аудандарда инфра­құрылымның жүргізілуі мәсе­лелері және АӨК-ті дамыту бағ­дарламасы аясында ауылшаруа­шылық кооперативтерін құрған­да ауылдықтар үшін туын­дайтын мүмкіндіктер қарас­тырылды. 
Еліміздің үшінші жаңғыруы аясындағы міндеттерді шешу үшін бірінші кезекте өзіміздің ой­лау жүйемізді өзгерту қажет. Осы орайда Бақытжан Сағынтаев  Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар...» деп бас­та­ла­тын өлеңінің өзек­тілігін атап өтті. Қазақ халқының бір­туар ұлы, ағартушы педагог өз өлең­дер­інде халық үшін білімнің, еңбек­сүй­гіш­тіктің, сана-сезім мен дүние­танымын дамытудың пайдасы туралы талмай айтқан. Мемлекет басшы­сының бағдарламалық мақала­сында қоғамдық сана жаңғырту қағидаларын ғана емес, сондай-ақ дәстүрді жоғалтпай заман та­лабына сай нақты жобаларды әзірлеуді талап ететіндігі атап өтілген. Бұл бағыттағы жұмыс сондай-ақ Президент Н.Назарбаев­тың «Қазақстанның киелі жерлерінің геогра­фиясы» жобасын жүзеге асы­рудан бас­талады. Қос­танай облысы жалпыұлттық маңы­зы бар киелі және рухани сим­волдарға аса бай. Олардың қатарында Үштоғай ескерткі­ші, VII-IX ғасырлардағы Екі­дің діни ғимараты, Лисаков архео­ло­гиялық кешені, таңдаулы Беста­мақ және тағы басқалары бар.

Кездесуде Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Та­мара Дүйсенова, Білім жә­не ғы­лым министрі Ерлан Саға­диев, Денсаулық сақтау минис­трі Елжан Біртанов, Ауыл шаруа­шылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов салаларда атқарылып жатқан жұ­­мыс­тар мен өзекті мә­селелер ту­ра­лы хабардар етті. Аймақта қол­ға алынып жатқан шаралар тура­лы Қостанай облы­сының әкімі Архимед Мұхам­бетов баяндады.

Үкімет жұмысындағы бас­ты назардың бірі АӨК-ті дамы­туға аударылады. Қостанай об­лы­сының тұрғындары үшін мұ­ның мән-маңызы зор, себебі ин­дустриялық сектормен қа­тар аграрлық сектор да аймақ эко­но­микасының басым бөлі­­гін қамтыды. Қойылған міндет­тер­дің тиімді шешіміне қоста­най­лық­тардың ғана емес, жал­пы қазақстандықтардың өмір сапасының деңгейі де байланысты. Осыған орай, отандық өнім­нің сапасы мен бәсекеге қабілет­тілігін, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер­лердің пайдаланылу тиімді­лігін арттыру қажет. 

Кездесуде жұртшылық өкіл­дері өздерін толғантқан мәсе­лелер жөнінде ойларын ортаға салды және сұрақтар қойды. Қа­зақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов ауыл шаруашылығында көптеген жұмыстардың атқары­лып отырғанын тілге тиек ете келе, ауылды сақтау және жердің құнарын арттыру мәселесін көтерді. Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі В.Вишниченко қоғамдық сананы жаңғырту тақырыбын қозғады. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар бастамасын дамыту орталығының басшысы Б. Қалиев жаңа жаһандық шынайылық жағдайында тілдерді меңгерудің маңыздылығына назар аударды. «ССКӨБ» АҚ директорының орынбасары Р.Исмұхамбетов жұ­мыс істеп тұрған өндіріске Ин­дустрия 4.0 элементтерін ендіру туралы сұрақ қойды.

Бақытжан Сағынтаев осы са­­пар­ында Қостанай автокөлік кол­­лед­жіндегі білім беру жұ­мы­­­сымен танысып, жастармен кез­десті. Кездесу аясын­да «Бала­лар мен жастар ұйым­дары қауым­дастығы» төрайы­мы Татьяна Анто­нинова «Қазақ­стан­ның Үшінші жаң­ғыруы: жаһан­дық бәсе­кеге қабі­леттілік» атты Ел­басы Жолдауы бойынша ақпа­раттық-түсіндіру жұмыстары туралы айтты. «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының жетекшісі Зарина Көкжанова кәсіпкерлікті дамыту жөнінде мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді жастарға түсіндіру, ақпараттандыру жұ­мыс­тарын жастардың өздері қолға алғанын тілге тиек етті. Ол құр­ған «Жас Атамекен» жас кәсіп­керлер клубынан бизнеске тал­пынған жастар барлық керек­ті ақпаратты таба алады. Биыл ЭКСПО-2017 көрмесіне Қос­та­найда дайындалған жүзден аса волонтер баратын болады.

Мұнан кейін Премьер-Ми­нистр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­ты. Биыл Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бо­йынша 210 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, облыс­та бағдарлама бойынша бес жыл­дың ішінде 1 млн 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

Бақытжан Сағынтаев сапарында Қостанайдағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Ол бизнес өкілдерінің наза­рын ел экономикасының Үшін­ші жаңғыруы аясында пайда болған өсу мүмкіндік­теріне аударды. Б.Сағынтаев кә­сіп­керлерді бизнес-ортаны жақсарту мен қайта реттеу, экономиканың жаңа салаларындағы, жаңа ин­дус­триялардағы, қызмет көрсе­ту, туризм мен «қа­рапайым заттар эконо­ми­касын­дағы» жаппай кәсіпкерлікті жедел дамыту саласындағы бір­лес­кен жұмыстарға белсендірек қаты­суға шақырды. Мемлекет бас­шы­сының Жолдауында эконо­ми­каны цифрландыру мен төртін­ші өнеркәсіптік рево­люция­ға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Осыған орай Үкімет заң­на­малық өзгерістер мен стан­­дарт­тау, цифр­ландыру, мемле­­кет­тік қолдау құралдары қам­тыл­ған аталған бағытта даму­дың жүйе­лік шараларын әзір­леуде. Мем­лекеттік сатып алулар сала­сында Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша мем­лекеттік сатып алуларды ор­та­лық­тандырылған қызмет қағи­дасы бойынша жүзеге асыру мәселелері пысықталуда. Отан­­дық кәсіпорындарға қолдау көр­сету мақсатымен Қаржы министр­­лігі отандық жиһаз және жеңіл өнер­­кәсіп өнімдерін сатып алу мәсе­лесін ретке келтірген. Биыл ква­зи­мемлекеттік сектор, таби­ғи монополиялар мен жер қой­науын пайдалану салаларын­дағы сатып алулардың жаңа тәсіл­дері іске асырылатын болады. Жергілікті қамту үлесін арт­тыру мен бизнес ахуалды жақ­сарту жұмыстары жалғасын таба­ды. Заңнамалық салада салық­тық тексеру жұмыстары 40%-ға қыс­қартылады. 30-дан астам ескірген санитарлық ере­желерді жойып, 25-іне өзгерістер енгізіп, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына жаңа санитарлық ережелер әзірлеу жоспарланған.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының Жолдауында аграр­лық сектор экономиканың жаңа драйвері ретінде көрсе­тіл­генін атап өтті. Соған орай биыл АӨК-ті дамыту мемлекеттік бағ­дар­ламасын іске асыру жұ­мыс­тары басталғанынан хабар­дар етті. Б.Сағынтаев кәсіпкер­лер қауымына бүгінгі таңда нарық­­та, соның ішінде таяу шет ел нары­ғында орын алған мүм­кін­­дік­терді жіберіп алмауды ұсынды.
Үкімет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар маңызды нысандары мен өндіріс орындарына барды. Атап айтқанда, «Қостанай» халықаралық әуе­жай­­ында, «Сары­ар­қа­Авто­Пром» зауы­­тындағы өндіріс алаң­ында, «Евраз­­КаспианСталь» зауы­тында, «Жем­­чужина стомед Уральс­кая» көп бейінді меди­ци­на­лық орталығында, «Се­верный» шағын тұрғын ауданын­да және «КазАгрос» ЖШС-да болып, атал­ған нысандардың жұмы­сы­мен танысты. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ