Отырыс барысында қатысушылар Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының қызметін, Түркі кеңесінің жастар платформасының регламентін реттейтін құжаттарды мақұлдады, сондай-ақ Түркі кеңесі елдерінде өтетін III Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары, I Түркі универсиадасы, Түркі кеңесі елдерінің II жастар фестивалі сияқты бірқатар ауқымды іс-шараларға дайындық барысын талқылады.
Б.Арын өзінің сөзінде қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген негізгі бастамаларымен таныстырды. Сонымен қатар, вице-министр ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді, мәдени ескерткіштерімізді жаңғыртуда Түркі кеңесі елдерімен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:
Сондай-ақ, Б.Арын түркітілдес елдерді 2017 жылғы 10-16 шілде аралығында Ақмола облысындағы Зеренді ауылында өтетін Түркі кеңесіне мүше елдер жастарының халықаралық жазғы лагеріне белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Егемен-ақпарат»