Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Ақтөбеде шекаралас өңірмен салыстырғанда дәрі бағасы екі есе қымбат

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың мәлімдеуінше, Ресейдің Орынбор облысындағы бірқатар дәрі түрлері ақтөбелік дәріхана қожайындары бекіткен дәрілер бағасынан есі есе арзан.

Ақтөбеде шекаралас өңірмен салыстырғанда дәрі бағасы екі есе қымбат

Айталық, бүгінгі күні қант диабеті дертін емдейтін дәрі Ресей қаласында 8500 теңге тұратын болса, Ақтөбеде – 17 000 теңге. Дәрінің өзге түрлерінің де жағдайы осылай. Сондай-ақ, фармацевтика саласындағы баға белгілеу ісінде маңызды рөл атқаратын құрылымның бірі – «Дәрілік заттарға сараптама жүргізу ұлттық орталығы» РМК болса, бұлар да қызмет бағасын шарықтатып жіберген. Яғни, былтыр өңірде антигриппинге сараптама жүргізу 6000 теңге болса, қазір – 70 000 теңге. Бұл дерек қызмет құны 15 есе өскенін көрсетеді. Аспириннің жағдайы да дәл осылай.

Өкінішке қарай, қазіргі күні оның себептерін дәл анықтау мүмкін болмай отыр. Сонда өңірде дәрі бағасы осындай шарықтаған күйінде қала бере ме? Өңір басшысы мұны реттеу жолдарын табуға болатынын мәлімдеді. Яғни, оның тұжырымдауынша, бұл түйткілді дәрілік заттарды өндірушіден сатып алушыға дейін қадағалау жүйесін енгізу арқылы шешуге болады. Дәл осындай жағдайда дәрінің нақты құны белгілі болмақ.

Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»