Басылымның мәліметінше, фильмді ұрлаған хакерлер Walt Disney компаниясынан елеулі сомада ақша бопсалауда. Олар ақшаны биткойнмен (электронды валюта) төлеуді талап етіп, ол шарт орындалмаған жағдайда фильмнен алдымен 5 минуттық, кейін 20 минуттық үзінділер жариялайтындарын алға тартқан.
Хакерлердің қолына түскен фильмнің аты аталмай отыр. Журналдың ақпары бойынша, компанияның оларға ақша төлейтін ойы жоқ. Қазіргі уақытта олар құқық қорғаушылармен бірге тергеу жүргізуде.
Walt Disney компаниясы әзірге оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.