29 мамырда күнгейден өзге өңірлерге аттанатын мотошеру Түркістан шаһары арқылы Қызылорда облысына жетіп, республиканың он облысы мен Астана қалаларын аралайды.
«29 мамыр күні облыс әкімдігінен еліміздің көк байрағын салтанатты түрде алып, 10 мотоциклші жолға шығамыз. Мототоп мүшелері әр қала мен облысқа аялдаған сайын сап құрамы көбейіп, Елордаға жеткенше мотоциклшілер қатары 100-ге жетеді деген жоспарымыз бар. Осы ретте, облыстағы мотосүйер қауымды да мотошеруіміздің қатарына шақырамыз. Еліміздің болашағы мен тарихы үшін маңызды болып табылатын осынау шарада барлық отандастарымызды өз мемлекетінің патриоты болуға шақырамын», деді Р.Базарбеков..
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»