Аймақтар • 22 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстан мәдениет ұжымдарына шағын автобустар тарту етілді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысы Құмар Іргебаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Солтүстік Қазақстан мәдениет ұжымдарына шағын автобустар тарту етілді

Көпжылдық шығармашылық еңбегі және жергілікті мәдениеттің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін мәдениет саласының бір топ өкіліне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.

Н. Погодин атындағы орыс драма театры мен облыстық филармония ұжымына су жаңа шағын автобустардың кілттері тарту етілді.

Өңірде 3 театр, 237 клуб, 312 кітапхана, 12 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Оларда екі мыңға жуық маман қызмет көрсетеді. Өңір мұрағаттарында бір жарым миллионға жуық құжат сақталған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»