Қазақстан • 22 Мамыр, 2017

«Қонақ күтуге» дайынбыз ба?

236 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалауға Астанаға шамамен 2,45 млн адам келеді деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді. Ал сол келушілердің жүріп-тұру, келіп-кету қатынасын қамтамасыз ететін көліктің жайы қалай болмақ? Әуежай, вокзал, сапаржайлар ЭКСПО қонақтарын қарсы алуға дайын ба? Вице-министр баспасөз мәслихатында, міне, осы мәселелер жайында айтты.

«Қонақ күтуге»  дайынбыз ба?

Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярдің мәліметтеріне сүйенсек, айтулы шараны тамашалауға еліміздің өңірлерінен 1,8 млн-нан астам адам келеді деп болжанған. Елор­­даға темір жол көлігімен 1,1 млн-ға жуық қазақстандық келе­ді. Шамамен 161 мың адам әуе көлі­гімен, тұрақты автобус рейс­терімен 350 мыңнан астам қонақ келуі тиіс. Ал жеке автокөлікпен 200 мыңға жуық кісі келмек.
 Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта жолаушыларды қарсы алу үшін жаңа темір жол вокзалы, әуежайдың жаңа терминалы мен екі автовокзал ашылады. Көрме қонақтарының басым бөлігі темір жолмен келеді. Сол себепті маусым айына дейін маршруттар 44-тен 58-ге дейін ұлғаяды. Ол үшін қосымша 14 жолаушылар пойызы іске қосылады. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған төрт пойыз бар. Бұдан бөлек, қазіргі пойыздарға қосымша 150 вагон тіркеледі. 
«Осылайша, екі темір жол вокзалы күн сайын 47 мың жолаушыны қабылдай алады», деп атап өтті Роман Скляр. Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесі кезінде автобустардың саны да екі есеге артатынын жеткізді.
«Жалпы, Астанаға тәулік са­йын шамамен 20 мың адам келеді деп күтілуде. ЭКСПО-2017 кезінде жолаушыларды үздіксіз тасымалдау үшін Астанада екі жаңа автобекет ашылады, онда тәулік сайын еліміздің өңірлерінен 400-ге дейін автобус келеді», деді Р.Скляр. Алдын ала есептеу бо­йын­ша, ЭКСПО-2017 кезінде облыс­тардан Астанаға автобустармен 472 мыңнан астам адам немесе тәу­лігіне 5 мыңнан астам мейман келуі мүмкін.
Айтқандай, «Сапаржай Ас­та­на» автовокзалы ағымдағы рейс­терге қызмет көрсетеді, сон­дық­тан елорданың тұр­ғын­дары мен қонақтары үшін дағ­дылы бағ­дар­лар өзгеріссіз қалмақ. Ал қосымша ашылған рейстерге жаңа автобекеттерде қызмет көрсетіледі. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Алай» автобекеті жұмыс жасай бастайды, онда солтүстік және батыс өңірлерден – Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақ­тө­бе, Өскеменнен келетін қосымша ашылған рейстерге қызмет көр­сетіледі.
Екінші автобекет «Кең март» – оң­түс­тік және орталық өңірлер­ден, яғни Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағандыдан күніне 34 рейс қабылдайды.
Қазіргі таңда автотасымалдарды ұйымдастыру жұмысын жедел реттеу мақсатында Ин­вес­ти­циялар және даму ми­нистр­лігінің Көлік комитеті мемлекеттік нөмірлері, иелері, сыйымдылығы және шы­ға­рылған жылы көрсетілген автобустар тізімін жасап жатыр екен.
Р.Скляр жалпы Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі кезінде көлік кептелегі болмауы тиістігін, алайда қандай да бір қолайсыз жағдайлар болып қалып жатса, астаналықтар шыдамдылық танытуы керектігін еске салды. «Естеріңізде болса, Тұран даңғылы болмағанда бәріміз әуежайға Қабан­бай батыр даңғылымен барып жүрдік. Қазір Тұран да бар, Мәң­гілік Елмен де әуежайға жетуге болады. Қабанбай батырдың қоз­ға­­лысы біраз жеңілденіп қалды. Сон­дықтан Астананың көлік ке­ше­нін дамыту шаралары ой­да­ғыдай атқарылып жатыр деу­ге болады. ЭКСПО-ға дейін қа­ла көшелері тап-тұйнақтай бо­луы қажет. 
Әрине, қалада тұ­рып жатқан адамдар үшін біраз қо­лай­сыз­дықтар болуы әбден мүмкін. Де­ген­мен, одан да төзу керек. Енді оған үйге қонақ келгендей қарау қа­жет деп ойлаймын. Үш бөлмелі үй­­дің екі бөлмесіне қонақтар жай­­ғас­қанда қалай жүреміз, тура солай уақытша шыдай тұруға ту­ра келеді. Оған түсіністікпен қа­райық»,  деді Скляр.

Динара БІТІКОВА, 
«Егемен Қазақстан»