Турнирдің алғашқы титулдық айқасында жартылай орта салмақ дәрежесінде (77,1 келіге дейін) қазақстандық Георгий Кичигин мен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедов кездесті.
«Бес минуттан бес раунд» форматында өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Георгий Кичигин жеңіске жетіп, турнирдің чемпионы атанды.
Бұдан бөлек, аталмыш кештің андеркартында сегізбұрышқа шыққан жерлестеріміздің жекпе-жектері сәтті аяқталды. Нұрбек Қабдрахманов, Ермек Тлауов, Сәбит Жүсіпов, Әділ Боранбаев, Жасұлан Әкімжанов, Сұлтан Қиялов пен Ержан Естанов қарсыластарынан басым түсті.
Өкінішке орай, аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді сарапқа салған финалдық айқаста қазақстандық Жалғас Жұмағұлов ресейлік Вартан Асатрянға есе жіберді. Бес раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілердің шешімімен Ресей спортшысы жеңіске жетті.
Қазақстандық Георгий Кичигин Астанада өткен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды sports.kz
Оқырман ойы: Игі істің дәнекері
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35
«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25
Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20
ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық
Саясат • Бүгін, 09:15