22 Мамыр, 2017

Алматыда рәміздерді құрметтеу флеш-мобы өтті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына – 25 жыл.

Алматыда рәміздерді құрметтеу флеш-мобы өтті

Осыған орай жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы патриоттыққа тәрбиелеу, рәміздердің ұлттық мақтанышымыз екенін  ұғындыру мақсатында «Фемили» парк алаңында Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі көлемді акция ұйымдастырды.
300-ден аса студент атса­лыс­қан шара аясында Әуезов ауданында орналасқан жеті колледждің жастары өз өнер­лері арқылы мемлекеттік рәміз­дерге бас иіп, құрмет біл­дірді. Бас ұйымдастыру­шы Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов шара­ның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жастарға Мемлекеттік рәміздердің егемендіктің берік негіздерінің бірі екендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткі­зе­тін ерекше құнды белгілер екендігін айтты. 
Бұдан кейін студенттер дайындаған флеш-мобтар мен қойылымдарға кезек берілді.
Ал акцияның өтуіне қолдау көрсеткен Алматы қаласының Әуезов аудандық әкімдігі өкілдері ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға рахмет айтып, оларды, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

Алмас НҮСІП, 
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ