Қазақстан • 22 Мамыр, 2017

Жастарға берілген тың бағыт

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жас ғалымдар, жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жастар конвенті ұйымдастырылды.

Жастарға берілген тың бағыт

Сарапшылық отырыс­тың басты мақсаты Қазақстан дамуының ресурсы және адам капиталының элементі ретіндегі жастар рөлін талқылау, соны­мен қатар, Президент мақаласын­да көрсетілген бағдарламалық нұсқауларды жүзеге асыруға ба­ғыт­талған шаралар туралы болды. 
Бұл отырысқа баяндамаларымен «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Бимұрат Бұрханов, сонымен қоса, Фило­софия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қыз­мет­керлері қатысты.
«Жас Отан» ЖҚ, ҚазАльянс, «Болашак» стипендиаттарының қауым­дастығы, Қазақстан жастар Кон­гресі, «Қазақстан студент­терінің Альян­сы» республикалық жастар қоз­ға­лысы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен басқа да жас­тар ұйым­дары­ның өкілдері қатысты.
Елбасының бағдарлама­лық мақаласы қазіргі заманғы Қазақ­станның стратегиялық бағыт – мүдделерін айқындайтын жаңа идеологиялық тұжырым­дама екені басты мәселе ретінде айтылды. Бұл жастарға деген тың бағыт болып саналады. Өз сөздерін­де олардың үлкен серпілістерге бағыт­­тайтын ерен күш екенін жас­тар сеніммен ай­ғақтай түсті.
Сарапшылық талқылаудың қорытындылары бойынша баяндамалар негізінде қатысу­шылармен сарапшылық ұсыныс­тар берілді. 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ