Қазақстан • 22 Мамыр, 2017

Астанада Қазақстан-Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi бизнес форумы өтiп жатыр

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан-Бiрiккен Араб Әмiрлiктері бизнес форумы өтiп жатыр. Форум барысында қос мемлекеттiң бизнес кеңесi құрылды. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Астанада Қазақстан-Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi бизнес форумы өтiп жатыр

Бизнес форумда ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек пен БАӘ Сыртқы iстер және халықаралық ынтымақтастық министрiнiң орынбасары Мухаммед Шараф бiрнеше маңызды ресми құжатқа қол қойды. Атап айтсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП мен БАӘ Кәсiпкерлер палатасы және Индустрия федерациясының арасында Қазақстан-БАӘ Бiрлескен бизнес кеңесiн құру бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға, екi ел арасындағы инвестиция мен бизнес мүмкiндiктердi күшейту бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, 2017 жылдың басында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне iссапармен барған болатын. Кездесу нәтижесiнде араб бизнесмендерi Қазақстанға қызығушылық танытқан. Бүгiнгi бизнес форумға екi елдiң бизнесмендерi жиналып, бiрқатар келiсiм бекiтудi көздеп отыр.