Алғашқы раундтан ширақ қимылдап, жойқын соққыларын дөп тигізген жерлесіміздің басымдығы бірден байқалды. Күшін үнемдеп, мейлінше артық қимыл-қозғалыстарға бой алдырмаған Арманның жоғары шеберлігі көзге ұрып тұрды. Дегенмен, бұған дейін нокаутпен жеңіліп көрмеген жапон спортшысы табандылық танытып, сәті түскен сәтте қарсы шабуылдарын жасап бақты.
Қазақстандық спортшы екінші раундта да қарсыласына қысым көрсетуін тоқтатпады. Шабуылын үдете берген ол бұрышқа тақалған жапондықты айналып теуіп, нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Арман Оспанов жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы. Бұған дейін аралас жекпе-жектен ММА турнирінде 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, 5-еуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Биыл қазақстандық ACB лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшарт жасасып, соның алғашқысында жеңіске жетіп отыр.
Аралас жекпе-жектен Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде қазақстандық Арман Оспанов (8-0-6 KO) жапон қарсыласы Таичи Накаджиманы (12-7-1) екінші раундта нокаутқа түсірді.
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01