Қазақстан • 22 Мамыр, 2017

ММХҚИ түлектері Астанада бас қосады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) проректоры Артем Мальгинді қабылдады.

ММХҚИ түлектері Астанада бас қосады

Әңгіме барысында МГИМО түлектерінің IV халықаралық форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Дәстүр бойынша әлемнің ондаған елдерінің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, іскерлер қауымдарының өкілдері бас қосатын шара биылғы қазанда Астанада өтеді. Кездесу мақсаты гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазіргі замандағы ортақ мәселелерді талқылау, біздің елдеріміз бен халықтарымыздың бір-біріне сенімін паш ету болып табылады.

МГИМО түлектерінің форумдары бұрын Баку, Мәскеу және Ереванда болған еді.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Баспасөз қызметі