Аймақтар • 22 Мамыр, 2017

Таразда «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған марафон өтеді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйытқы болуымен қалада «Жасыл марафон» атты жаппай жүгіру жарысы өтеді. Аталған шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған, деп хабарлайды оқу орынның баспасөз қызметі.

Таразда «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған марафон өтеді

ТарМПИ-дың бас оқу ғимаратынан басталатын марафонға қатысуға мыңнан астам адам ниет білдірген. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының ұжымдары мен студенттері және қала тұрғындары бар. 
Шара барысында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов, қазақ күресінен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Пахрединов және әлемдік, республикалық спорт додаларының жеңімпаздары марафонға қатысушыларымен бірге таңғы жаттығу жасайды. 
«Бұл марафон жастардың спортпен тұрақты айналысуына зор мүмкіндік береді. Сол үшін баршаңызды шараға қатысуға шақырамыз. Жалпы Тараз марафонды қолдап отырған төртінші қала. Мақсатымыз – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттай отыра, өңір жастарының спортқа құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту», – дейді жарыс ұйымдастырушылары. 
Жеңімпаздар 5 аталым бойынша марапатталады. Марафон соңы педагогикалық институттың өнер ұжымдарының гала-концертіне ұласады.