Аймақтар • 22 Мамыр, 2017

Бразилиялық саяхатшы Қызылжарды басып өтті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниенің төрткүл бұрышын велосипедпен шарлап келе жатқан 29 жастағы бразиялық саяхатшы Маркус Коста Қызылжар өңірінің көрікті жерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бразилиялық саяхатшы Қызылжарды басып өтті

Ол осыдан екі жыл бұрын  жолсапарға шығып, 27 мың шақырымды жүріп өтіпті.  Айтуына қарағанда, Оңтүстік Американы  тұтас,  Еуропа мен Азияның бірқатар елдерін, ұзын-ырғасы 35 мемлекетті шарлапты.

Өңірге келген саяхатшыны Петропавл қаласының тұрғыны, зейнеткер Любовь Матвеена кездейсоқ ұшырастырып, тілін түсінбесе де, еш жатсынбастан қарсы алып, қонақ еткен.

«Қазақстандықтардың дархандығы, қонақжайлығы қатты таңқалдырды. Көрікті жерлері де көп екен. Үйренетін тағылымдар да аз емес», дейді Маркус Коста.

Оның әлі отанына оралатын ойы жоқ. Екі жыл ғұмырын саяхатқа арнамақ. Моңғолия, Қытай, Вьетнам, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттерін  араламақ ойы бар.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»