Қазақстан • 23 Мамыр, 2017

Биыл елімізде 136 мың оқушы мектеп бітіреді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек оқуларын аяқтайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Биыл елімізде 136 мың оқушы мектеп бітіреді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің агенттік жолдаған сауалына берген жауабында қазақ тілінде білім алған мектеп бітірушілер саны 90 800 болса, орыс тілділер – 39 300, басқа тілде – 6100 адам білім алады.

Түлектер саны ең көп аймаққа Оңтүстік Қазақстан облысы (34 200), Алматы облысы (14 700) және Алматы қаласы (10 мыңнан астам) кіреді. Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы білім басқармаларының ақпаратына сүйенсек, биыл республикалық мектептерде «Алтын белгі» белгісінен 6280 бітіруші үмітті. Олардың ішінде қазақ тілінде білім алатындар саны – 4900, орыс тілді – 1290, басқа да тілді – 110.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы 95 340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі ҰБТ 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Соңғы қоңырау барлық мектептерде 25 мамыр күні өтеді. Аттестатты тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10-12 маусым аралығында өтеді. Министрлік оқуды бітіру шараларын 2017 жылдың 15 маусымына дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55